2026 жылғы 16 ақпан күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің ұжымы қалыптасқан дәстүр бойынша мерейтой иесі - оқу-өндірістік ісі жөніндегі директор орынбасары Касымова Назархан Кайрбековнаны 50 жас мерейлі мерекесімен құттықтап, жүрекжарды тілектерін арнады. Назархан Кайрбековна колледжде қызмет еткен 19 жылдың 15 жылында бөлім меңгерушісі, 3 жыл директор орынбасар секілді әкімшілік қызметпен қоса, "Есеп және аудит" мамандығының арнайы пән оқытушысы болып, колледждің негізгі миссиясын орындауына өзіндік үлес қосып, аянбай еңбек етіп келеді. Осы жолда Назархан Кайрбековнаға мықты денсаулық, қажырлы қайрат пен жасымас жігер, жемісті еңбек тілейміз!
Мерейтой иесіне құрмет көрсетілді