Сұрақ

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Жалпы ереже

    1. Қабылдау ережесі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың 2018 жылғы 18 қазанындағы № 578 үлгі ережесіне сәйкес жасалып, 2021 жылдың 06 сәуірінде  № 276  бұйрығымен өзгертілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қарағанды «Bolashaq» ​​ ​​жоғарғы колледжіне оқуға түсу тәртібін анықтайды.
    2. Қарағанды «Bolashaq» ​​жоғарғы  колледжіне техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім алуға қажеттілігі бар тұлғалар қабылданады.
    3. Колледж күндізгі және сырттай  оқу түрлеріне  төмендегі мамандықтарда көрсетілген оқу мерзімі бойынша қабылдауды жүзеге асырады:

Мамандықтың коды

Мамандықтың атауы

Күндізгі оқу бөлімі

Сырттай

9-сынып

негізінде

КЛ, 11сын.

негізінде

КЛ,11-сын.

негізінде

01120100

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

 4S01120102Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі

3ж.10 ай

2 ж. 10 ай

2 ж. 10 ай

01120100

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

5AB01120101Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолданбалы бакалавры

-

2 ж. 10 ай

-

01140500

 

Дене тәрбиесі және спорт

4S01140501Дене тәрбиесі мұғалімі

3 ж.10 ай

2ж. 10 ай

2ж. 10 ай

01140100

 

Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі

4S01140101 Бастауыш білім беру мұғалімі

3 ж.10 ай

2 ж.10 ай

 

01140600

 

Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

4S01140601 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

3 ж. 10ай

2 ж. 10 ай

 

01140600

 

Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

4S01140602 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі

3 ж. 10ай

2 ж. 10 ай

 

01140600

 

Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

4S01140605 Шетел тілі мұғалімі

3 ж. 10ай

-

-

01140300

 

Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

5AB01140303 Шетел тілін оқытудың педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры

-

2ж. 10 ай

-

04210100

Құқықтану   

 4S04210101 Заңгер

2 ж.10 ай

1 ж.10 ай

1 ж.10 ай

09230100

 

Әлеуметтік жұмыс

4S09230102 Әлеуметтік қызметкер

2 ж.10 ай

1 ж.10 ай

1 ж.10 ай

04110100

 

Есеп және аудит

4S04110102 Бухгалтер

2 ж.10 ай

1 ж.10 ай

1 ж.10 ай

06130100

Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

4S06130103 Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы

3 ж. 10ай

2 ж. 10 ай

 

06130100

Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

4S06130105 Ақпараттық жүйелер технигі

2 ж.10 ай

1 ж.10 ай

 

07140900

 

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

3W07140901 Телекоммуникациялық жабдықтар мен байланыс арналарын электромонтаждаушы-реттеуші

 

 

.10 ай

 

 

  1. й

 

-

    1. Колледжге оқуға түсу кезінде ҚР үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» №264  қаулысымен белгіленген мемлекеттік тапсырыс үшін қабылдау квотасы қарастырылады:

- I, II топтар қатарындағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз;

- жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5 пайыз;

- осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес ауылдың (селоның) әлеуметтік экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 30 пайыз;

- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4 пайыз;

- жетім-балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін-1пайыз;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастарының саны - 10 пайыз көзделеді.

    1. Оқуға түсушілердің қабылдау квотасы көзделген адамдарға тиесілігін растайтын тиісті құжатты колледждің комиссиясына күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін ұсынады.

Колледждің қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 25 маусымынан бастап колледж веб-сайтындағы орташа конкурстық баллды көрсете отырып, талапкерлер мен қабылдау квотасы берілген адамдардың тізімін қалыптастырады және оның күнделікті жаңартылуын қамтамасыз етеді.

    1. Техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіби және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар азаматтар Қарағанды «Bolashaq» ​​жоғарғы  колледжіне оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін тиісті кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқуға қабылданады.

2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі

    1. Колледжге оқуға адамдардың өтініштерін қабылдау, әңгімелесуді өткізу, білім алушылар құрамына қабылдау үшін колледж директорының бұйрығымен 10 маусымнан кешіктірмей тақ саннан тұратын қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына жұмыс берушілердің, қоғамдық және білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді.

      Комиссия мүшелерінің ішінен жауапты хатшы мен техникалық хатшылар тағайындалады.

      Қабылдау комиссиясының төрағасы(төрайымы) колледж директоры  немесе оның міндетін атқарушы тұлға болып табылады.

      Қабылдау комиссиясы мен техникалық хатшылар жұмысына басшылық ету жауапты хатшыға жүктеледi, ол азаматтарды қабылдап, қабылдау мәселесi бойынша азаматтардың жазбаша сұраныстарына жауап беріп, қабылдау комиссиясының ақпараттық материалдарын жариялауға дайындайды, кеңес (консультация) және қабылдау емтихандарының даярлығын, жүргiзiлуiн ұйымдастырады, жазбаша емтихан жұмыстарының шифрленуiн жүргiзедi.

    1. Колледжде арнайы және шығармашылық дайындықты талап ететін педагогикалық мамандықтар бойынша арнайы және шығармашылық емтихандар өткізу үшін күнтізбелік жылдың 20 маусымынан кешіктірмей емтихан комиссиясы құрылады. Емтихан комиссиясының құрамына колледждің, әлеуметтік әріптестердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия төрағасын емтихан комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады. Емтихан комиссиясының құрамы директордың бұйрығымен бекітіледі.
    2. Қабылдау және/немесе емтихан комиссияларының шешімдері, егер де отырыста олардың құрамының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Қабылдау және/немесе емтихан комиссиялары мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.

      Қабылдау комиссиясының қорытынды отырысында аудио немесе бейнежазба жүргізіледі. Аудио немесе бейнежазба колледждің мұрағатында кемінде бір жыл сақталады.

    1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қабылдау комиссиясының жұмысын білім беру ұйымы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, колледжде жүргізеді.
    2. Колледждің қабылдау комиссиясының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру Білім басқармасының келісімі бойынша шешіледі.
    3. Колледжге орта буын мамандарын, қолданбалы бакалаврларды даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау адамдардың өтініштерімен конкурстық негізде жүзеге асырылады.
    4. Колледжге өтініштерді қабылдау, арнайы және/немесе шығармашылық емтихандарды өткізу, конкурс және тұлғаларды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім негізінде ақылы негізде оқуға қабылдау талапқа сәйкес жүзеге асырады.
    1.      Колледжге оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:
  1. орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына:
  • мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 18 тамызы аралығында,
  •  жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 тамызы аралығында;
  • ақылы негізде 25 маусымы мен 25 тамыз аралығында;
  •  оқудың сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
  •  шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша -күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында;
  • педагогикалық мамандықтар бойынша - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 15 тамызы аралығында жүзеге асырылады;
  1. білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 25 тамызы аралығында.
    1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қызметті алушы колледжге не "электрондық үкімет" веб-порталына  жүгінеді және осы типтік ережелерге сәйкес "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.(1-қосымша)
    2. Оқуға түсу үшін құжаттарды кәмелетке толған адамдар жеке өзі, кәмелетке толмағандар – заңды өкілінің қатысуымен ұсынады.
    3. Оқуға түсушілерден түскен өтініштер колледждің тіркеу журналдарына тіркеледі.
    4.  Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін, сондай-ақ мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік (жұмысшы біліктілік), орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар орта буын мамандықтарына түсетін адамдар үшін әңгімелесу жүргізіледі. Қабылдау комиссиясы оқуға түсушімен тиісті бағыттар бойынша 20 минуттан артық емес әңгімелесуді өткізеді. Әңгімелесуге арналған сұрақтар тізбесін қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.
    5. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда әңгімелесу ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүргізіледі.
    6. Білікті жұмыс кадрларын даярлауға оқуға түсушілердің саны мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға бөлінген орындардан асып кеткен кезде оқуға қабылдау осы Қағидалардың 60-тармағына сәйкес орташа конкурстық балл, сондай-ақ № 264 қаулыға сәйкес квота санаты негізінде жүзеге асырылады.
    7. Ерекше білім алуға қажеттілігі бар адамдарды колледжге оқуға қабылдау медициналық-әлеуметтік сараптаманың (медициналық анықтаманың) ұсынымдары мен қарсы көрсетілімдері ескеріле отырып, мамандықтар мен біліктіліктерде жүзеге асырылады.

«Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі» диагнозы бар ерекше білім алуға қажеттілігі бар адамдарды оқуға қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын ескеріле отырып жүргізіледі.

    1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түсетін тұлғалар күнтізбелік жылдың 25 маусымынан бастап ерікті негізде білім басқармасының ақпараттық жүйесі арқылы кәсіптік диагностикадан (сауалнама) өтеді.
    2. Кәсіби диагностиканың қорытындысы бойынша талапкерге мамандықтар таңдауы бойынша ұсыныстар және ұсынылатын мамандықтарға кәсіптер картасы ұсынылады. Кәсіби диагностиканың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.
    3. Кәсіптік диагностикадан өткеннен кейін колледжге мемлекеттік тапсырыс бойынша, педагогикалық мамандықтар, сондай-ақ арнайы және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша оқуға түсетін адамдар арнайы және/немесе шығармашылық емтихандар тапсыру үшін колледжге Білім басқармасының ақпараттық жүйесі арқылы жіберіледі.
    4. Колледжге мемлекеттік тапсырыс бойынша, педагогикалық мамандықтар бойынша оқуға түсетін адамдар арнайы және/немесе шығармашылық емтихандар, сондай-ақ психометриялық тестілеу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өткізіледі. Арнайы және/немесе шығармашылық емтихандардың тақырыптарын колледж дербес белгілейді.
    5. Педагогикалық мамандықтарға түсуші адамдар үшін арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандардың негізгі орта білім базасында түсушілер үшін күнтізбелік жылдың 18 тамызына дейін, жалпы орта білім базасында түсушілер үшін күнтізбелік жылдың 21 тамызына дейін, шығармашылық даярлықты талап ететін мамандықтарға түсушілер үшін күнтізбелік жылдың 21 мен 28 шілдесі аралығында белгіленеді. 
    6. Ағылшын тілі оқыту тілі ретіндегі мамандықтарға түсетін адамдар үшін 15 тамызға дейін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оның ішінде ағылшын тіліндегі білімнің базалық деңгейін қосымша бағалау жүргізіледі (әңгімелесу әдісі бойынша).

  Әңгімелесудің қорытындысы "Өтті" немесе "Өтпеді" деген нысанда бағаланады.

    1. Педагогикалық, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарға, сондай-ақ психометриялық тестілеуге қатысу үшін мүгедек балалар мен мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) мүгедектігі туралы анықтаманы ұсынған кезде, "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама ұсынған кезде, қажет болған жағдайда, мемлекеттік комиссия төрағасының атына:
  1. жеке аудитория ұсыну;
  2. көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектерге арналған арнаулы немесе шығармашылық емтихан шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекшінің және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның қажеттілігі туралы еркін нысанда қосымша өтініш бере алады.
    1. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның нысаны мен өткізу тәртібін (күні, уақыты, өткізілетін орны, консультациялар) емтихан комиссиясының төрағасы бекітеді және өтініш қабылдау кезінде оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.
    2. Психометриялық тестілеу "Денсаулық сақтау" бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің ұсынымдарына сәйкес өткізіледі.

         Оқуға түсушіні арнаулы және/немесе шығармашылық емтихан, сондай-ақ психометриялық тестілеу, әңгімелесу өткізілетін аудиторияға кіргізу жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

    1. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның басталуы және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялау уақыты мен орны және апелляцияға өтініш беру рәсімі көрсетіледі.

      Арнайы және шығармашылық емтихандарды өткізу кезінде:

  • арнайы және шығармашылық емтихандар "2", "3", "4", "5" болып бағаланады
  • педагогикалық мамандықтар бойынша "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады.
    1. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның қорытындылары бағалау ведомосімен ресімделеді. Арнайы және шығармашылық емтихандар мен әңгімелесулерді өткізу кезеңінде аудио-бейнежазба жүргізіледі, ол колледждің мұрағатында кемінде бір жыл сақталады.
    2. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның, сондай-ақ психометриялық тестілеу нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады және ақпараттық стендтерде немесе колледждің интернет-ресурстарында емтихан өткізілетін күні орналастырылады.
    3. Білім беру ұйымында бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандар, сондай-ақ психометриялық тестілеу нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында колледж директорының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы колледж педагогтарының санынан құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша педагогтардың саны кемінде екі адамнан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.
    4. Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді. Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.
    5. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
    6. Арнайы және/немесе шығармашылық емтиханның нәтижелерін колледжге мемлекеттік тапсырысы бойынша оқуға арналған конкурсқа (бұдан әрі - Конкурс) қатысу үшін білім басқармасының ақпараттық жүйесіне жібереді.
    7. Орта буын және қолданбалы бакалавр мамандықтары бойынша конкурсқа бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру базасында оқуға түсуші тұлғалар, сондай-ақ білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған тұлғалар қатысады.

Педагогикалық, сондай-ақ арнайы және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсетін адамдар конкурсқа арнайы және шығармашылық емтихандардың, әңгімелесудің қорытындысы бойынша жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін негізгі орта білім беру базасында оқуға түсушілер күнтізбелік жылдың 18 тамызына дейін, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру базасында күнтізбелік жылдың 20 тамызына дейін осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес өтініш береді.

    1. Конкурсқа өтініш берген кезде оқуға түсушілер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бекіткен төрт мамандыққа дейін, біліктілікке (қажет болған жағдайда), колледждан кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі комиссиялар бекіткен колледждарының төрт ұйымына дейін, оқыту тілін (қазақ, орыс, ағылшын), білім деңгейін таңдайды.

Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдауды жүзеге асыратын колледжге қабылданған талапкерлерді күнтізбелік жылдың 26 тамызына дейін мамандығын, біліктілігін көрсете отырып, білім басқармасының ақпараттық жүйесіне тіркейді.

Конкурсты Білім басқармасы  талапкерлерді білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің орташа конкурстық балына автоматты түрде бөлу арқылы, педагогикалық, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің орташа балы бойынша және қабылдау квотасын ескере отырып, колледжге өткізген арнайы және/немесе шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша алынған бағалардың (балдардың) орташа балы бойынша өткізіледі.

    1. Талапкерлерді автоматты түрде бөлуді Білім басқармасы айқындаған ақпараттық жүйесінде (Білім-ал) жүзеге асырылады.

        Мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім беру базасында оқуға түсушілер арасындағы Конкурс күнтізбелік жылдың 19-22 тамызы аралығында, жалпы орта білім беру, колледж базасында күнтізбелік жылдың 22-25 тамызы аралығында, ақылы негізде 26-28 тамызы аралығында  өткізіледі.

    1. Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша бейіндік пәндер тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      3. Білім алушылар құрамына қабылдау

    1. Бағалардың орташа балы:

      негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін (9 – сынып) - үш пән: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі), мамандық бейіні бойынша екі пән бағаларынан:

      ОКБ = (МП+БП1+БП2)/БС

      Мұнда: МП-міндетті пәннің бағасы;

      БП1- бірінші бейіндік пәннің бағасы;

      БП2 -екінші бейіндік пәннің бағасы;

      БС-бағалар саны;

     негізгі орта білімі бар (9-сынып), арнайы және шығармашылық дайындықты талап ететін және педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін-үш пән: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі) және мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша бағалардан/балдардан (қажет болған жағдайда) және арнайы немесе шығармашылық емтиханның бағаларынан:

      ОКБ = (МП+БП1+БП2+АЕ/ШЕ)/БС

      Мұнда: МП-міндетті пәннің бағасы;

      БП1- бірінші бейіндік пәннің бағасы;

      БП2 -екінші бейіндік пәннің бағасы;

      АЕ/ШЕ – арнайы емтиханның/шығармашылық емтиханның бағасы;

      БС-бағалар саны;

      жалпы орта білімі, ТжКОББ түсушілер үшін – төрт пән: міндетті пәндер (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән бағаларынан:

      ОКБ = (МП1+МП2+БП1+БП2+АЕ/ШЕ)/БС

      Мұнда: МП1-бірінші міндетті пәннің бағасы;

      МП2- екінші міндетті пәннің бағасы;

      БП1- бірінші бейіндік пәннің бағасы;

      БП2 -екінші бейіндік пәннің бағасы;

      БС-бағалар саны;

      арнайы және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар және педагогикалық мамандықтар бойынша жалпы орта, ТжКОББ білімі бар түсушілер үшін - төрт пән бойынша бағалардан: міндетті пәндер (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән (қажет болған жағдайда) және арнайы немесе шығармашылық емтихан бойынша арнайы немесе шығармашылық емтиханның бағаларынан:

      ОКБ = (МП1+МП2+БП1+БП2+АЕ/ШЕ)/БС

      Мұнда: МП1-бірінші міндетті пәннің бағасы;

      МП2- екінші міндетті пәннің бағасы;

      БП1- бірінші бейіндік пәннің бағасы;

      БП2 -екінші бейіндік пәннің бағасы;

      АЕ/ШЕ – арнайы емтиханның/шығармашылық емтиханның бағасы;

      БС-бағалар саны;

      мамандық бейініне сәйкес келмейтін медициналық мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін – мамандық бейіні бойынша екі пәннің бағаларынан:

      ОКБ = (БП1+БП2)/БС

       Мұнда:

      БП1- бірінші бейіндік пәннің бағасы;

      БП2 -екінші бейіндік пәннің бағасы;

      БС-бағалар саны;

      мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін – төрт пән бойынша бағалардан: міндетті пәндер, мамандық бейіні бойынша екі пән және/немесе болған жағдайда шығармашылық конкурстың (шығармашылық дайындықты талап ететін педагогикалық мамандықтар мен мамандықтар бойынша) бағаларынан қалыптасады:

      ОКБ = (МП1+МП2+БП1+БП2+АЕ/ШЕ)/БС

      Мұнда: МП1-бірінші міндетті пәннің бағасы;

      МП2- екінші міндетті пәннің бағасы;

      БП1- бірінші бейіндік пәннің бағасы;

      БП2 -екінші бейіндік пәннің бағасы;

      АЕ/ШЕ – арнайы емтиханның/шығармашылық емтиханның бағасы;

      БС-бағалар саны;

    1. Орташа конкурстық бал тең болған кезде білім туралы құжаттың орташа балы, сондай-ақ № 264 қаулыға сәйкес квота санаты ескеріледі.
    2. Басқа елдің білім туралы құжаты бар адамдар үшін білім туралы құжатта бейінді пәндер болмаған кезде міндетті және бейінді пәндердің тізбесін ақпараттық жүйе арқылы колледждің  қабылдау комиссиялары белгілейді.
    3. Білім басқармасы негізгі орта білім беру базасында оқуға түсушілер арасында конкурс қорытындыларын ресми интернет - ресурстарда күнтізбелік жылдың 23 тамызында, жалпы орта білім беру базасында күнтізбелік жылдың 25 тамызында жариялайды, сондай-ақ талапкерлерді конкурстың қорытындылары туралы ақпараттық жүйе арқылы хабардар етеді.
    4. Орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау колледж директорының бұйрығымен қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасы негізінде жүргізіледі:

      1) күндізгі оқу нысанына-күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін;

      2) оқудың сырттай нысанына-күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін.

    1. Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

        1) оқудың күндізгі нысанына-күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін әңгімелесу нәтижелері бойынша;

     2) оқудың сыртқы нысанына-негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

    1. Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, білікті жұмысшы кадрларды даярлау – күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, оқудың сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стенділерге немесе колледждің интернет – ресурстарына орналастыру арқылы жеткізеді.
    2. Ақылы негізде «Bolashaq» ​​ колледжіне түсетін талапкерлерге әлеуметтік жеңілдіктер беріледі:
  • жетім балаларға – 20% (бүкіл оқу кезеңіне);
  • мүгедек балаларға – 20% (бүкіл оқу кезеңіне);
  • Қарағанды «Bolashaq» ​​жоғарғы  колледжінің және Қарағанды «Bolashaq» академиясының оқытушыларының балаларына 10% жеңілдік (бүкіл оқу кезеңіне).
    1. Осы Ережемен реттелмеген бөлігіндегі колледжге оқуға қабылдау тәртібі білім беру ұйымының құрылтайшысымен белгіленеді.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы       Макетова А.Р.

2022-2023 оқу жылында оқу ақысы – 215 000 мың теңге

Құжаттар қабылданады:

20 маусымнан 20 тамызға дейін.

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. білімі жөнінде құжат (түпнұсқасы, көшірмеcі);
  2. медициналық анықтама (075-У), (063);
  3. 6 сурет (3 х 4);
  4. жеке куәлік немесе туу туралы куәлік ;
  5. ЖСН (көшірмесі 2);
  6. төлемақы бойынша жеңілдік алуға құқығын дәлелдейтін құжаттар;
  7. тіркелу куәлігі немесе әскери билет (көшірмесі);

 

Сұрақтарыңыз бар ма?

Сіздің сұрақтарыңызға оқу орнының өкілдері, студенттер мен түлектер, сондай-ақ біздің сарапшылар жауап береді

Сұрақ қою

Сұрақ қою үшін, Сіз авторизацияланған болуыңыз керек. Авторизациядан өту

Грант барма 9 дан кейін

Tuesday2023511

как подать заявку

Здравствуйте, а стоимость обучения профессии плата такая же или есть исключение? Тоесть имеется в виду есть ли бесплатное обучение по определенной профессии

Здравствуйте! когда начнется прием документов? Какие документы нужны для поступления?

Почему не могу подать заявку на желаемую профессию? Не высвечивается в 3 шаге?

Sunday202175

Калаи сырттай оқуға түсуге болады?
Канша тг болады грантпен?
Кандаи кужаттар кажет?

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/