2026 жылғы 6 қарашада Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Алдымен ата-аналар Zoom платформасы арқылы ұйымдастырылған облыстық ата-аналар жиналысына қатысты. Онлайн кездесу барысында балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты, отбасы мен білім беру ұйымының ортақ жауапкершілігі, психологиялық қолдау және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі туралы мәселелер талқыланды.
Облыстық жиналыстан кейін колледж әкімшілігі ата-аналарды білім алушыларға арналған ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды. Студенттердің сабаққа қатысуы, тәртібі, қауіпсіздігі және ата-аналар мен колледж арасындағы өзара байланысты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.