КММ «Қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығы» мен Қарағанды «Bolashaq»жоғарғы колледжі арасында екіжақты Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандумның мақсаты — білім беру саласындағы әріптестікті нығайту, студенттердің кәсіби дамуына жағдай жасау және бірлескен жобаларды жүзеге асыру.
Ынтымақтастық аясында:
Колледж студенттеріне өндірістік тәжірибе ұйымдастыру;
Тәжірибеден өту және жұмысқа орналасуға мүмкіндік беру;
Өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру жоспарланды.
Бұл серіктестік — жастардың болашағына салынған нақты қадам!