Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясындағы танымдық экскурсия

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің "Дене шынықтыру және спорт" мамандығының студенттері Қарағанды облысы Полиция департаментінің музейіне танымдық экскурсияға барып қайтты. Экскурсия барысында білім алушылар полиция органдарының қалыптасу және даму тарихымен, құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттарымен танысты. Іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Студенттерді ұйымдастырған - дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Агибаев И.Ж..

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2026 ж. 21 қыркүйек
Республикаға жолдама - студентіміздің қолында

2026 жылғы 17 қыркүйекте Теміртау кәсіптік-техникалық колледжінде республикалық “Worldskills” чемпионатының «Отель ресепшионист» құзыреттілігі бойынша іріктеу кезеңі өтті. Іріктеу нәтижесінде колледжіміздің “Шетел тілі мұғалімі” мамандығының ШТ-23-3 тобының студенті Кабдылкаримова Раянна жоғары нәтиже көрсетіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Раяннаға сәттілік тілейміз!

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 21 қыркүйек
Ынтымақтастық туралы меморандум

КММ «Қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығы» мен Қарағанды «Bolashaq»жоғарғы колледжі арасында екіжақты Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандумның мақсаты — білім беру саласындағы әріптестікті нығайту, студенттердің кәсіби дамуына жағдай жасау және бірлескен жобаларды жүзеге асыру. Ынтымақтастық аясында: ✍Колледж студенттеріне өндірістік тәжірибе ұйымдастыру; ✍Тәжірибеден өту және жұмысқа орналасуға мүмкіндік беру; ✍Өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру жоспарланды. Бұл серіктестік — жастардың болашағына салынған нақты қадам!

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 21 қыркүйек
«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясындағы танымдық экскурсия

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің "Дене шынықтыру және спорт" мамандығының студенттері Қарағанды облысы Полиция департаментінің музейіне танымдық экскурсияға барып қайтты. Экскурсия барысында білім алушылар полиция органдарының қалыптасу және даму тарихымен, құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттарымен танысты. Іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Студенттерді ұйымдастырған - дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Агибаев И.Ж..

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 21 қыркүйек
Мерейтой иесі құттықталды

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ұжымы колледждің орыс тлі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Азбаева Сауле Тектурмасовнаны мерейлі 55 жасқа толу күнімен құттықтады. Сауле Тектурмасовна 2005 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледжімізде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы қызметін абыроймен атқарып келеді. 2006–2023 жылдар аралығында күндізгі оқу бөлімінің меңгерушісі, ал 2021–2023 жылдары директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуге, колледждің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Мерейтой иесін колледж директоры мен ұжым мүшелері құттықтап, көпжылдық жемісті еңбегі мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін ризашылықтарын білдірді.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/