Әлемдік кәсіби шеберліктің ең ірі додаларының бірі — “WorldSkills Shanghai 2026” чемпионатына санаулы күндер қалды.
Осы айтулы халықаралық чемпионатта Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің «Шетел тілі» мамандығының 2026 жылғы түлегі Құралова Дильназ Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ел намысын қорғайды! 

Дильназдың Қазақстан командасының құрамына енуі — оның кәсіби шеберлігіне, біліміне, табандылығы мен тынымсыз еңбегіне берілген жоғары баға.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік жас мамандармен бірге ол “WorldSkills Shanghai 2026” халықаралық чемпионатында Қазақстанның көк туын көкке көтеріп, өз қабілетін әлемдік деңгейде танытпақ.
Бұл — Дильназ үшін ғана емес, оның ата-анасы, жетекшісі - колледж оқытушысы Муканова Индира Ерлановна, ұстаздары, Қарағанды “Bolashaq” колледжі және барша Қазақстан үшін үлкен мәртебе! 

Дильназ, саған сәттілік тілейміз!
Білімің мен білігіңе, күшің мен талабыңа сенеміз!
Әлемдік додада Қазақстанның намысын абыроймен қорға! Жеңіспен орал, Дильназ! Біз сені мақтан тұтамыз! 
