Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Мерейтой иесіне құрмет көрсетілді

2026 жылғы 16 ақпан күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің ұжымы қалыптасқан дәстүр бойынша мерейтой иесі - оқу-өндірістік ісі жөніндегі директор орынбасары Касымова Назархан Кайрбековнаны 50 жас мерейлі мерекесімен құттықтап, жүрекжарды тілектерін арнады. Назархан Кайрбековна колледжде қызмет еткен 19 жылдың 15 жылында бөлім меңгерушісі, 3 жыл директор орынбасар секілді әкімшілік қызметпен қоса, "Есеп және аудит" мамандығының арнайы пән оқытушысы болып, колледждің негізгі миссиясын орындауына өзіндік үлес қосып, аянбай еңбек етіп келеді. Осы жолда Назархан Кайрбековнаға мықты денсаулық, қажырлы қайрат пен жасымас жігер, жемісті еңбек тілейміз!

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2026 ж. 17 ақпан

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 17 ақпан
Театр күні

2026 жылғы 12 ақпанда Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжінің «Бастауыш білім беру» мен "Есеп және аудит" мамандықтарының БМ-24-1, БМ-24-3, Е-25-1 топтарының студенттері қаламыздағы С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрына барып, Ұлықбек Есдәулетовтің «Қара пима» шығармасының желісі бойынша сахналанған қойылымды тамашалап, ерекше әсермен оралды. Қойылым студенттердің жүрегіне жол тауып, ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттердің мәнін терең сезінуге мүмкіндік берді. Театр өнері болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің рухани дүниесін байытып, кәсіби көзқарасының қалыптасуына оң ықпал етті.

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 17 ақпан
Театр күні

2026 жылғы 13 ақпанда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының ДМ-24-1, ДМ-24-3 топтарының студенттері қаламыздағы С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры барып, Тахауи Ахтановтың «Жоғалған дос» шығармасы желісі бойынша сахналанған қойылымды тамашалап қайтты. Қойылым студенттерге терең әсер қалдырып, достық, адамгершілік, адалдық секілді құндылықтар туралы ой салды. Театр өнері арқылы жастар рухани-мәдени дүниетанымын кеңейтіп, эстетикалық талғамын арттырды. Мұндай мәдени іс-шаралар студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға және ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 17 ақпан
Колледж оқытушылары - жеңіс тұғырында

2026 жылғы 29 қаңтарда өткен «Ғылыми ізденіс және шығармашылық тәжірибелер» атты республикалық воркшопта «Лингводидактика мен эмоционалды интеллект синтезі болашақ шет тілі мұғалімінің әлеуметтік қабылдауын өзгертудің инновациялық моделі ретінде» тақырыбында үздік шебер класс көрсеткені үшін Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің оқытушылары Кошкарбаева Мейзгуль Бердирахимовна мен Демченко Алла Викторовна жүлделі 1-орын иеленді. Құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/