Жаңалық
2026 ж. 20 қаңтар
Педагогтерге арналған тренинг
2026 жылғы 14 қаңтар күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің педагог-зерттеуші және педагог-сарапшы оқытушыларына арналған «Тәжірибелі педагогтің soft skills дағдылары: икемділік, креативтілік, көшбасшылық» тақырыбында тренинг өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – тәжірибелі педагогтердің кәсіби қызметінде маңызды саналатын soft skills дағдыларын дамыту, өзгермелі білім беру ортасына бейімделу қабілеттерін арттыру және көшбасшылық қасиеттерін жетілдіру болды.Тренинг барысында қатысушылар икемділік пен креативті ойлаудың маңызын талқылап, тиімді коммуникация, командалық жұмыс және көшбасшылық дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгерді. Практикалық тапсырмалар мен өзара пікір алмасу педагогтердің кәсіби тәжірибесін байытып, жаңа идеялар қалыптастыруға мүмкіндік берді. Іс-шара соңында қатысушылар тренингтің мазмұнды ұйымдастырылғанын атап өтіп, алдағы уақытта осындай мазмұнды әрі пайдалы тренингтер жиі өткізілсе деген тілектерін білдірді.
Толығырақ