2026 жылдың 15 қаңтары күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттеріне "Қызылша ауруының алдын алу" тақырыбында дәріс оқылды. Дәрісті Қазыбек би атындағы ауданның санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасының бас маманы Б.А.Рамазанова оқыды. Дәрісте қызылша ауруы, оның жұғу жолдары мен салдары, сондай-ақ, ЖРВИ және тұмаудың алдын алу, менингокок инфекциясы турала да ақпараттар берілді. Дәріске "Дене тәрбиесі және спорт" мамандығының 3-курс студенттерінен 29 студент қатысты.