Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«Жұмыс берушілер күні: бірлескен еңбектің нәтижесі – білікті маман» атты дөңгелек үстел отырысы сәтті өтті.

«Жұмыс берушілер күні: бірлескен еңбектің нәтижесі – білікті маман» атты дөңгелек үстел отырысы сәтті өтті. Шара 2025 жылғы 13 қарашада ұйымдастырылды.

 

Іс-шараның мақсаты – колледж бен әлеуметтік серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, еңбек нарығына қажетті білікті мамандарды даярлау сапасын арттыру болды.

 

🤝 Кездесуге келесі әлеуметтік серіктестер қатысты:
Қарағанды облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы,
«Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығы» КММ,
«Облыстық мамандандырылған жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі» КМҚК,
«Жас Сұңқар» спорт мектебі,
ТОО «AZMAR PREMIUM МЕКТЕБІ»,
№66 мектеп-лицейі, №15, №19 жалпы білім беретін мектептер КММ,
Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы,
Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі,
Абай атындағы гимназия,
«Шаңырақ», «Қарлығаш», «Тілек», «Бақыт», «Бәйтерек» бөбекжайлары.

 

💬 Дөңгелек үстел барысында тараптар студенттердің өндірістік тәжірибесін жетілдіру, түлектерді еңбек нарығына бейімдеу және дуальды оқыту жүйесін дамыту мәселелерін талқылады.
🔹 Әлеуметтік серіктестер тарапынан да, колледж тарапынан да бірқатар ұсыныстар айтылып, болашақтағы өзара іс-қимыл бағыттары бойынша екі жақты келісімдер жүргізілді.

 

✨ Кездесу нәтижесінде әріптестік байланыс нығайып, ортақ мақсат – бәсекеге қабілетті, кәсіби маман даярлау жолындағы жаңа мүмкіндіктер айқындалды.
Шараны ұйымдастырған директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Касымова Назархан Кайрбековна ұйымдастырды.

 

День работодателей: «Результат совместного труда – квалифицированный специалист»

 

13 ноября 2025 года в КВК «Bolashaq» был проведен круглый стол с работодателями. «Результат совместного труда – квалифицированный специалист», цель которого- укрепление сотрудничества между колледжем и социальными партнёрами, а также повышение качества подготовки востребованных на рынке труда квалифицированных специалистов. Участниками мероприятия были следующие социальные партнёры:
• Центр трудовой мобильности по Карагандинской области,
• КГП «Центр поддержки семьи города Караганды»,
• КМҚК «Областная специализированная детско-юношеская школа олимпийского резерва по лёгкой атлетике»,
• Спортивная школа «Жас Сұңқар»,
• ТОО «AZMAR PREMIUM МЕКТЕБІ»,
• Школы №66, №15, №19,
• Школа-гимназия им. Аль-Фараби,
• Школа-лицей им. Әлимхана Ермекова,
• Гимназия им. Абая,
• Детские сады «Шаңырақ», «Қарлығаш», «Тілек», «Бақыт», «Бәйтерек».
В ходе встречи были обсуждены вопросы совершенствования производственной практики студентов, адаптации выпускников к требованиям рынка труда и развития дуальной системы обучения; рассмотрены предложения, проведены двусторонние консультации. В результате были намечены пути развития дальнейшего сотрудничества.
Мероприятие организовала заместитель директора по учебно-производственной работе Касымова Назархан Кайрбековна.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 17 қараша
МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС БОЙЫНША БОС ОРЫНДАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Колледжде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, төменде көрсетілген мамандықта он екі бос орын бар екенін хабарлаймыз:  01140200 «Дене тәрбиесі және спорт», біліктілігі 5АВ01140201 «Дене тәрбиесі қолданбалы бакалавры» мемлекеттік тілде, жалпы орта білім беру негізінде 3 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2024ж., екі орын;  01140300 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», біліктілігі 5АВ01140301 «Қазақ тілі мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры» мемлекеттік тілде, жалпы орта білім беру негізінде 3 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2024ж.;  01140300 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», біліктілігі 5АВ01140302 «Орыс тілі мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры» орыс тілінде, жалпы орта білім беру негізінде 3 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2024ж.;  01140500 «Дене тәрбиесі және спорт», біліктілігі 4S01140503 «Спорт жаттықтырушысы - оқытушы» орыс тілінде, жалпы орта білім беру негізінде 3 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2024ж.;  01140500 «Дене тәрбиесі және спорт», біліктілігі 4S01140501 «Дене тәрбиесі мұғалімі», негізгі орта білім беру негізінде 4 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2023ж.;  01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», біліктілігі 4S01140601 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мемлекеттік тілде, негізгі орта білім беру негізінде 4 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2023ж.;  01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», біліктілігі 4S01140602 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» орыс тілінде, негізгі орта білім беру негізінде 3 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2024ж.;  01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», біліктілігі 4S01140602 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» орыс тілінде, негізгі орта білім беру негізінде 2 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2025ж.;  01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», біліктілігі 4S01140605 «Шетел тілі мұғалімі», негізгі орта білім беру негізінде 2 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2025ж.;  01140700 «Информатика», біліктілігі 4S01140701 «Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі» мемлекеттік тілде, негізгі орта білім беру негізінде 2 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2025ж., екі орын. Хабарландыру 31.08.2026ж. дейін жарамды.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 17 қараша
Ы. Алтынсарин”төсбелгісімен марапатталды

2026 жылғы 14 тамызда өткен “Жаңа халықтық конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту - білім беру жүйесінің стратегиялық негізі” тақырыбындағы тамыз конференциясында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің директордың ақпараттық технологиялар ісі жөніндегі орынбасары, информатика пәні оқытушысы Тусупбаев Аблайхан Тулегенович “Ы.Алтынсарин” төсбелгісімен марапатталды. Аблайхан Тулегенович колледжімізде 2008 жылдан бері жемісті қызмет етіп келеді. Осы аралықта Аблайхан Тулегенович білім саласындағы инновациялық құбылыстардың бірі ретінде оқыту процесіне робототехниканы енгізу бағытымен айналысып, жетекшілік етіп келеді. Осыған орай колледжде робототехника бойынша құзыреттілік орталықтары құрылып, қажетті ресурстармен қамтылды. Жыл сайын студенттерді “Worldskills“ кәсіби шеберлік байқауына дайындап, өңірлік, ұлттық деңгейдегі жеңімпаздар, сондай-ақ халықаралық чемпионатта да жеңімпаздар дайындаған білікті маман. Аса жоғары марапат иесі атанып отырған Аблайхан Тулегеновичке мықты денсаулық, мәртебесінің биік, абыройының асқақ болуын тілейміз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 17 қараша
📢 ҚҰРМЕТТІ ТҮЛЕКТЕР МЕН АТА-АНАЛАР!

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі 2026–2027 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бойынша талапкерлер қабылдайды. 🔹 9 сынып негізінде: * Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі (қазақ бөлімі) * Шетел тілі мұғалімі (қазақ және орыс бөлімдері) * Әлеуметтік жұмыскер (қазақ бөлімі) * Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы (қазақ және орыс бөлімдері) * Web-дизайнер (қазақ және орыс бөлімдері) * Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі (қазақ бөлімі) 🔹 11 сынып негізінде: * Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолданбалы бакалавры (қазақ бөлімі) * Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесінің қолданбалы бакалавры (қазақ бөлімі) * Орыс тілі мен әдебиетін оқыту педагогикасы мен әдістемесінің қолданбалы бакалавры (орыс бөлімі) * Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі (қазақ бөлімі) ✅ Оқу – мемлекеттік тапсырыс негізінде ✅ Сұранысқа ие мамандықтар ✅ Сапалы білім және кәсіби даярлық

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 17 қараша
«Үздік түлек - 2026» байқауының жеңімпаздары анықталды

2026 жылғы 29 маусымда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі «Ақ жол, жас түлек!» диплом тапсыру салтанатты кешінде кәсіби және қоғамдық жұмыста өзін-өзі жоғары деңгейде көрсете алған, ғылым, өнер және басқа да салаларда айтарлықтай жетістіктерге жеткен колледж түлектерін ынталандыру мақсатында өтетін дәстүрлі «Үздік түлек» байқауының жеңімпаздарын марапаттады. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығының үздік түлегі Укибаева Гуллазат «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының үздік түлегі Касимова Наргиза «Спорт бойынша жатықтырушы-мұғалім» мамандығының үздік түлегі Бондаренко Милана «Дене тәрбиесі мұғалімі» мамандығының үздік түлегі Әли Жұлдыз-Ай «Есеп және аудит» мамандығының үздік түлегі Ысқақова Сабина «Ақпараттық қауіпсіздік технигі» мамандығының үздік түлегі Габдулла Адильжан. Сонымен қатар Адильжанға колледж үшін Telegram-бот пен оқытушылардың қызметін мониторингтеуге арналған платформаны әзірлегені үшін колледж әкімшілігі 100 000 теңге көлемінде ақшалай сертификат табыста «Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушы» мамандығының үздік түлегі Мұхамбет Ғани «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының үздік түлегі Мартбек Мөлдір «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының үздік түлегі Ермекқызы Мадина «Шетел тілі мұғалімі» мамандығының үздік түлегі Игнатенко Мария «Құқықтану» мамандығының үздік түлегі Сайлау Нұрдәулет «Информатика» мамандығының үздік түлегі Таутай Тайырхан «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының үздік түлегі Киікбай Ералы. «Колледждің ең үздік түлегі - 2026» атағын «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының түлегі Тикенова Анель иеленді. Бұл түлек есімдері колледждің Құрмет кітабына енетін болады. Құтты болсын!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/