Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«Жұмыс берушілер күні: бірлескен еңбектің нәтижесі – білікті маман» атты дөңгелек үстел отырысы сәтті өтті.

«Жұмыс берушілер күні: бірлескен еңбектің нәтижесі – білікті маман» атты дөңгелек үстел отырысы сәтті өтті. Шара 2025 жылғы 13 қарашада ұйымдастырылды.

 

Іс-шараның мақсаты – колледж бен әлеуметтік серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, еңбек нарығына қажетті білікті мамандарды даярлау сапасын арттыру болды.

 

🤝 Кездесуге келесі әлеуметтік серіктестер қатысты:
Қарағанды облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы,
«Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығы» КММ,
«Облыстық мамандандырылған жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі» КМҚК,
«Жас Сұңқар» спорт мектебі,
ТОО «AZMAR PREMIUM МЕКТЕБІ»,
№66 мектеп-лицейі, №15, №19 жалпы білім беретін мектептер КММ,
Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы,
Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі,
Абай атындағы гимназия,
«Шаңырақ», «Қарлығаш», «Тілек», «Бақыт», «Бәйтерек» бөбекжайлары.

 

💬 Дөңгелек үстел барысында тараптар студенттердің өндірістік тәжірибесін жетілдіру, түлектерді еңбек нарығына бейімдеу және дуальды оқыту жүйесін дамыту мәселелерін талқылады.
🔹 Әлеуметтік серіктестер тарапынан да, колледж тарапынан да бірқатар ұсыныстар айтылып, болашақтағы өзара іс-қимыл бағыттары бойынша екі жақты келісімдер жүргізілді.

 

✨ Кездесу нәтижесінде әріптестік байланыс нығайып, ортақ мақсат – бәсекеге қабілетті, кәсіби маман даярлау жолындағы жаңа мүмкіндіктер айқындалды.
Шараны ұйымдастырған директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Касымова Назархан Кайрбековна ұйымдастырды.

 

День работодателей: «Результат совместного труда – квалифицированный специалист»

 

13 ноября 2025 года в КВК «Bolashaq» был проведен круглый стол с работодателями. «Результат совместного труда – квалифицированный специалист», цель которого- укрепление сотрудничества между колледжем и социальными партнёрами, а также повышение качества подготовки востребованных на рынке труда квалифицированных специалистов. Участниками мероприятия были следующие социальные партнёры:
• Центр трудовой мобильности по Карагандинской области,
• КГП «Центр поддержки семьи города Караганды»,
• КМҚК «Областная специализированная детско-юношеская школа олимпийского резерва по лёгкой атлетике»,
• Спортивная школа «Жас Сұңқар»,
• ТОО «AZMAR PREMIUM МЕКТЕБІ»,
• Школы №66, №15, №19,
• Школа-гимназия им. Аль-Фараби,
• Школа-лицей им. Әлимхана Ермекова,
• Гимназия им. Абая,
• Детские сады «Шаңырақ», «Қарлығаш», «Тілек», «Бақыт», «Бәйтерек».
В ходе встречи были обсуждены вопросы совершенствования производственной практики студентов, адаптации выпускников к требованиям рынка труда и развития дуальной системы обучения; рассмотрены предложения, проведены двусторонние консультации. В результате были намечены пути развития дальнейшего сотрудничества.
Мероприятие организовала заместитель директора по учебно-производственной работе Касымова Назархан Кайрбековна.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 17 қараша
Түлегіміз ”WorldSkills Shanghai 2026” чемпионатына аттанды

Әлемдік кәсіби шеберліктің ең ірі додаларының бірі — “WorldSkills Shanghai 2026” чемпионатына санаулы күндер қалды. Осы айтулы халықаралық чемпионатта Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің «Шетел тілі» мамандығының 2026 жылғы түлегі Құралова Дильназ Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ел намысын қорғайды! 🇰🇿✨ Дильназдың Қазақстан командасының құрамына енуі — оның кәсіби шеберлігіне, біліміне, табандылығы мен тынымсыз еңбегіне берілген жоғары баға. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік жас мамандармен бірге ол “WorldSkills Shanghai 2026” халықаралық чемпионатында Қазақстанның көк туын көкке көтеріп, өз қабілетін әлемдік деңгейде танытпақ. Бұл — Дильназ үшін ғана емес, оның ата-анасы, жетекшісі - колледж оқытушысы Муканова Индира Ерлановна, ұстаздары, Қарағанды “Bolashaq” колледжі және барша Қазақстан үшін үлкен мәртебе! ❤️🇰🇿 Дильназ, саған сәттілік тілейміз! Білімің мен білігіңе, күшің мен талабыңа сенеміз! Әлемдік додада Қазақстанның намысын абыроймен қорға! Жеңіспен орал, Дильназ! Біз сені мақтан тұтамыз! 🇰🇿🏆 #WorldSkillsShanghai2026 #WorldSkillsKazakhstan

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 17 қараша
Заң жеке таңдаудан басталады: Қарағандыда өткен форум 15 мыңға жуық студентті біріктірді

Заң жеке таңдаудан басталады: Қарағандыда өткен форум 15 мыңға жуық студентті біріктірді Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттері «Жастар - Заң мен тәртіптің тірегі» атты жастар форумына қатысты. Іс-шараға 15 мыңға жуық студент қатысты. Форум барысында нақты өмірлік оқиғаларға негізделген бейнероликтер көрсетілді. Нақты кейстер арқылы жастардың есірткі, дропперлік, интернет-алаяқтық және «жеңіл ақшаға» қызығу салдарынан құқыққа қайшы әрекеттерге қалай тартылуы мүмкін екені және мұндай шешімдердің құқықтық әрі өмірлік салдары көрсетілді. Бұл - жай ғана оқиғалар емес. Бұл - шешім қабылданғанға дейін оның салдарын түсінуге мүмкіндік беретін нақты мысалдар. Заң жеке таңдаудан басталады. Ал жауапкершілік - өз әрекетіңнің салдарын түсінуден басталады.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 17 қараша
Республикаға жолдама - студентіміздің қолында

2026 жылғы 17 қыркүйекте Теміртау кәсіптік-техникалық колледжінде республикалық “Worldskills” чемпионатының «Отель ресепшионист» құзыреттілігі бойынша іріктеу кезеңі өтті. Іріктеу нәтижесінде колледжіміздің “Шетел тілі мұғалімі” мамандығының ШТ-23-3 тобының студенті Кабдылкаримова Раянна жоғары нәтиже көрсетіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Раяннаға сәттілік тілейміз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 17 қараша
Ынтымақтастық туралы меморандум

КММ «Қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығы» мен Қарағанды «Bolashaq»жоғарғы колледжі арасында екіжақты Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандумның мақсаты — білім беру саласындағы әріптестікті нығайту, студенттердің кәсіби дамуына жағдай жасау және бірлескен жобаларды жүзеге асыру. Ынтымақтастық аясында: ✍Колледж студенттеріне өндірістік тәжірибе ұйымдастыру; ✍Тәжірибеден өту және жұмысқа орналасуға мүмкіндік беру; ✍Өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру жоспарланды. Бұл серіктестік — жастардың болашағына салынған нақты қадам!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/