2025 жылғы 29 қазан күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен қазақ поэзиясының көрнекті қайраткері, ақын, журналист, драматург, сазгер және көркем аудармашы Қасым Аманжоловқа арналған облыстық дәстүрлі шығармашылық байқауда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері бірнеше жүлделі орындар иеленді. Байқаудың «Ей, тәкаппар дүние! Маған да бір қарашы...» бағыты бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының ҚӘ-24-1 топ студенті Амангелді Аида және «Есеп және аудит» мамандығының Е-25-1 тобының студенті Капкеш Нұрислам жүлделі 1-орын иеленсе, «Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ...» бағыты бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының ҚӘ-24-1 топ студенті Ғабдолла Айым жүлделі 2-орын жеңіп алды. Үш жеңімпазымызды және олардың жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Иманбеков Қайрат Берікболұлын құттықтаймыз!
Жүлде қоржыны молаюда