2025 жылғы 4 маусым күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде ҚР Мемлекеттік Рәміздері күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздігіміздің белгісі» атты салтанатты жиын өтті. Жиында Мемлекеттік рәміздер туралы ақпарат беріліп, патриоттық әндер мен күйлер орындалды, флешмоб биленді. Шара мақсаты - өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту, мемлекеттің егемендігінің айшықты белгісі - рәміздеріміздің мән-маңызын түсіндіру.
Салтанатты жиын өтті
