Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Салтанатты жиын өтті

2025 жылғы 4 маусым күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде ҚР Мемлекеттік Рәміздері күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздігіміздің белгісі» атты салтанатты жиын өтті. Жиында Мемлекеттік рәміздер туралы ақпарат беріліп, патриоттық әндер мен күйлер орындалды, флешмоб биленді. Шара мақсаты - өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту, мемлекеттің егемендігінің айшықты белгісі - рәміздеріміздің мән-маңызын түсіндіру.


Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 9 маусым
Колледж студенттері - “Worldskills -2025” чемпионатында жеңімпаздар қатарында

2025 жылғы 11 маусым күні облыстық “Worldskills -2025” чемпионатының жабылу салтанаты өтіп, жеңімпаздар марапатталды. Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжі студенттері чемпионаттың бірнеше құзыреттіліктері бойынша жеіңмпаз атанды. Олар: 1. Бастауыш сыныптарда оқыту құзыреттілігі бойынша Нурмагамбетова Аружан (Сарапшысы Бакижанова Ж.М.) жүлделі 1-орын; 2. Мобильді робототехника құзыреттілігі бойынша Совет Мансур, Ғалымжан Әділжан (Сарапшысы Балапан Х.) – жүлделі 1-орын; 3. ⁠Қонақ үй қабылдаушысы құзыреті бойынша Куралова Дильназ (Сарапшысы Муканова И. Е.) – жүлделі 1-орын; 4. Мобильді қосымшаларды әзірлеу құзыреттілігі бойынша Бейсен Алан (Сарапшысы Манашева М.С.) – жүлделі 2-орын; 5. Мектепке дейінгі тәрбие құзыреттілігі бойынша Укибаева Гуллазат (Сарапшысы Еркинова З.А.) кәсібилігі үшін медальон иеленді. Барлық жеңімпаздар мен олардың сарапшыларын құттықтаймыз! Біз Сіздермен мақтанамыз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 9 маусым
Салтанатты жиын өтті

2025 жылғы 4 маусым күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде ҚР Мемлекеттік Рәміздері күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздігіміздің белгісі» атты салтанатты жиын өтті. Жиында Мемлекеттік рәміздер туралы ақпарат беріліп, патриоттық әндер мен күйлер орындалды, флешмоб биленді. Шара мақсаты - өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту, мемлекеттің егемендігінің айшықты белгісі - рәміздеріміздің мән-маңызын түсіндіру.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 9 маусым
Сәттілік серік болсын!

2025 жылдың 2-8 маусым аралығында Алматы қаласында өтіп жатқан Республикалық педагогтер мен қызметкерлер спартакиадасында Қарағанды облысы командасының құрамында шағын футболдан ойнайтын Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжі ұжымының ерлер қауымына сәттілік тілейміз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 9 маусым
Мерейлі жас құтты болсын!

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ұжымы колледждің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы, педагог-зерттеуші, қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті кафедрасының жетекшісі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Жолкенова Гүлзада Жолкеновнаны мерейлі 60 жасқа толуымен құттықтайды. Оқу-ағарту жолында қызмет еткен 40 жылының 20 жылында колледждің өркендеуіне сүбелі үлесін қосып келе жатқан Гүлзада Жолкеновнаға зор денсаулық, мерейінің үстем, абыройының асқақ болуын тілейміз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/