Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы» облыстық байқауы

2025 жылдың 31 қаңтарында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында үшінші мәрте «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы» облыстық байқауы өтті.
Мақсаты: ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие мен білім негізінде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының инновациялық оқыту тәжірибесін анықтау, үздік педагогикалық идеяларын тарату, қазақ тілін үйрету ісінің сапасын арттыру.
Байқау 3 модуль бойынша жүзеге асты:
І модуль: «Таратуға лайықты идеялар», «Q Talks» форматы арқылы педагогикалық идеямен бөлісу.
ІІ модуль: «Үздік панорамалық сабақ»
ІІІ модуль: «Үздік әдістемелік қоржын»Байқауға облыс колледждерінен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
9 оқытушысы қатысты.
Қатысушылар өздерінің тың идеялары, озық тәжірибелерімен бөлісті. Жаңашыл, креативті ойларын саралап, әдістемелік қоржындарындағы еңбектерін ұсынды.
Байқау қорытындысы тәуелсіз қазылар алқасы шешімімен айқындалып, жеңімпаздар анықталды:
1 орын – Касимова Алия Жұмажановна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
2 орын – Иманбеков Қайрат Берикболулы, «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
3 орын – Даурбекова Асемгуль Ибракимовна, «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КМҚК, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы
3 орын – Таласпаева Нұргүл Ермековна, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі КМҚК;қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы
3 орын – Баймамырова Аяулым Мейрамовна, «Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжі» КМҚК.
Өнер мен өмірді сабақтастырып, өрелі білім беріп, өскелең ұрпақты өрге жүздіруге ниетті ұстаздардың бұл байқаудан алары мол. Сондықтан, дәстүрлі іс-шара алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 5 ақпан
Мерейтой иесін құттықтау

2026 жылғы 1 маусымда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ұжымы педагогика, психология және жеке пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагог-зерттеуші Абильдина Бекзат Қуатқызының 50 жас мерейтойын атап өтіп, құрмет көрсетті. Мерейтой – өз еңбегімен, кәсіби шеберлігімен және таңдаған ісіне деген адалдығымен әріптестері мен студенттерінің құрметіне ие болған жанға шынайы алғыс пен ізгі тілектерді білдіретін ерекше мереке. Бекзат Қуатқызы – дарынды педагог, білікті басшы, жастарға бағыт-бағдар беретін тәлімгер ретінде колледждің дамуына және болашақ мамандарды даярлауға елеулі үлес қосып келеді. Оның жауапкершілігі жоғары еңбекқорлығы, үнемі ізденіске ұмтылысы және айналасындағы жандарды жігерлендіре білу қасиетінің арқасында кафедра білім беру саласындағы бастамаларды табысты жүзеге асырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Әріптестері Бекзат Қуатқызын кәсіби құзыреттілігі, адамгершілігі, жанашырлығы және ұжымда ынтымақтастық пен өзара түсіністік ахуалын қалыптастыра білетін қасиеттері үшін ерекше құрметтейді. Осы айтулы күні Бекзат Қуатқызына зор денсаулық, мол бақыт, отбасы амандығын, жан тыныштығы мен сарқылмас күш-қуат тілейміз. Алдағы уақытта жаңа белестер мен толағай табыстарға жетіп, қызықты жобалар мен жарқын жетістіктерге жолыңыз ашық болсын. Әр күніңіз жақындарыңыздың сүйіспеншілігіне, құрметі мен қамқорлығына толы болсын! Мерейтойыңыз құтты болсын!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 5 ақпан
Бейнеролик байқауынан жүлдегерлер атанды

2026 жылғы 6-7 мамыр аралығында өткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен облыстық "Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат" бейнероликтер байқауында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттері жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, "Бейне ашық хат" номинациясында ДМ-24-1 тобының студенті Ерғанатұлы Бекнұр (жетекшісі Жәмелова Д.А.) жүлделі 1-орын, "Әскери-патриоттық әндерді орындау" номинациясында БМ-24-1 және БМ-24-3 топтарының студенттері Айтмағанбет Назерке, Сермагамбетова Айжан, Мағауия Ақбота (жетекшісі Насырова А.К.) жүлделі 1-орын иеленді. Құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 5 ақпан
Оқытушымыз 1-орын иеленді

2026 жылғы 28 мамыр күні өткен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында спорт саласы бойынша аймақтық кәсіби шеберлік байқауында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Шенфельд Анастасия Владимировна жүлделі 1-орын иеленді. Құтты болсын!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 5 ақпан
Эссе байқауының жеңімпаздары анықталды

2026 жылдың 21–22 мамыры аралығында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері арасында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Саяси қуғын-сүргін құрбандары: әділет іздеген тағдырлар» атты колледжішілік эссе байқауы өтті. Нәтижесінде қазақ топтары бойынша: 1-орын: Бағдатқызы Нұрсұлу (ҚӘ-23-1) 2-орын: Қадырова Ұлпан (ҚӘБ-24-1/11) 3-орын: Құмарбек Жанайым (ШТ-25-1) 3-орын: Оразалы Айзере (Қ-25-1) Орыс топтары бойынша: 2-место: Колибанская Ангелина (ФКТ-25-2) 3-место: Аблаева Дильназ (Р-25-2). Жеңімпаздар 28 мамыр күні «Астана-Алжир» экскурсиясына жолдама ұтып алғанын хабарлаймыз. Құтты болсын!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/