Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы» облыстық байқауы

2025 жылдың 31 қаңтарында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында үшінші мәрте «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы» облыстық байқауы өтті.
Мақсаты: ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие мен білім негізінде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының инновациялық оқыту тәжірибесін анықтау, үздік педагогикалық идеяларын тарату, қазақ тілін үйрету ісінің сапасын арттыру.
Байқау 3 модуль бойынша жүзеге асты:
І модуль: «Таратуға лайықты идеялар», «Q Talks» форматы арқылы педагогикалық идеямен бөлісу.
ІІ модуль: «Үздік панорамалық сабақ»
ІІІ модуль: «Үздік әдістемелік қоржын»Байқауға облыс колледждерінен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
9 оқытушысы қатысты.
Қатысушылар өздерінің тың идеялары, озық тәжірибелерімен бөлісті. Жаңашыл, креативті ойларын саралап, әдістемелік қоржындарындағы еңбектерін ұсынды.
Байқау қорытындысы тәуелсіз қазылар алқасы шешімімен айқындалып, жеңімпаздар анықталды:
1 орын – Касимова Алия Жұмажановна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
2 орын – Иманбеков Қайрат Берикболулы, «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
3 орын – Даурбекова Асемгуль Ибракимовна, «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КМҚК, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы
3 орын – Таласпаева Нұргүл Ермековна, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі КМҚК;қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы
3 орын – Баймамырова Аяулым Мейрамовна, «Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжі» КМҚК.
Өнер мен өмірді сабақтастырып, өрелі білім беріп, өскелең ұрпақты өрге жүздіруге ниетті ұстаздардың бұл байқаудан алары мол. Сондықтан, дәстүрлі іс-шара алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 5 ақпан
Колледж оқытушылары - жеңіс тұғырында

2026 жылғы 29 қаңтарда өткен «Ғылыми ізденіс және шығармашылық тәжірибелер» атты республикалық воркшопта «Лингводидактика мен эмоционалды интеллект синтезі болашақ шет тілі мұғалімінің әлеуметтік қабылдауын өзгертудің инновациялық моделі ретінде» тақырыбында үздік шебер класс көрсеткені үшін Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің оқытушылары Кошкарбаева Мейзгуль Бердирахимовна мен Демченко Алла Викторовна жүлделі 1-орын иеленді. Құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 5 ақпан
МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС БОЙЫНША БОС ОРЫНДАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Колледжде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, төменде көрсетілген мамандықта бес бос орын бар екенін хабарлаймыз:  01140200 «Дене тәрбиесі және спорт», біліктілігі 5АВ01140201 «Дене тәрбиесі қолданбалы бакалавры» мемлекеттік тілде, жалпы орта білім беру негізінде 2 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2024ж.;  01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», біліктілігі 4S01140601 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мемлекеттік тілде, негізгі орта білім беру негізінде 3 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2023ж.;  01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», біліктілігі 4S01140602 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» орыс тілінде, негізгі орта білім беру негізінде 1 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2025ж.;  09230100 «Әлеуметтік жұмыс», біліктілігі 4S09230102 «Әлеуметтік қызметкер» мемлекеттік тілде, негізгі орта білім беру негізінде 1 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2025ж. Хабарландыру 25.08.2026ж. дейін жарамды.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 5 ақпан
Облыстық «Құқық білгірлері» іскерлік ойнында - І ОРЫН

2026 жылғы 6 ақпанда «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық апталығы аясында Саран қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы арттыруға бағытталған облыстық «Құқық білгірлері» іскерлік ойыны өтті. Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері — Алина Чехунова, Саюри Ибраева және Софья Липчанская заңнама бойынша терең білімдерін, құқықтық жағдайларда дұрыс бағдар жасай алуын, тәжірибелік кейстерді талдап, негізделген шешімдер қабылдай білу қабілеттерін көрсетіп, І орынға ие болды. Жеңімпаздарды және олардың жетекшісі А.Д. Конакбаеваны жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да биік жетістіктер тілейміз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 5 ақпан
Колледж волейболшылары - тағы да тұғырда

2026 жылғы 6 ақпан күні "Заң мен тәртіп" тұжырымдама аясында Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының колледж студенттері арасында өткізілген волейбол жарысынан Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттерінен құралған волейбол командасы жүлделі 1-орын иеленді. Сонымен қатар «Үздік байланыстырушы» номинациясын ШТ-24-3 тобының студенті Умбетова Жанель иеленді. Жеңімпаз студенттеріміз бен олардың жетекшілері Сабыров Еркебай Майрамовичті құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/