Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Қаржылық сауаттылық апталығының ашылуы

2024 жылғы 18 қарашада Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде қаржылық сауаттылық апталығының ашылу салтанаты өтті. Гуманитарлық-техникалық пәндер кафедрасының меңгерушісі А. Д. Конакбаева құттықтау сөз сөйлеп, алдағы байқауларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Жүргізушілер студенттерді аптаның бағдарламасымен таныстырды, онда келесі іс-шаралар жоспарланған: Студенттер арасында "Студенттік хоббиден табысты бизнеске дейін" VII облыстық дайын бұйымдар жәрмеңкесі, табысты бизнесмендермен кездесу," Креативті экономика күні "ойыны. Шара барысында
"Есеп және аудит" мамандығының 3 курс студенттері ақшаның құрылу тарихы туралы “Қаржылық сауаттылық білгірлері" ойнын өткізді. Шараны гуманитарлық-техникалық пәндер кафедрасының педагогтері Ж.А. Арипбек пен Т. Д. Бекболатова ұйымдастырды, барлығы 85 студент қамтылды.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 19 қараша
Сүйінші!

2026 жылғы 17 наурызда Алматы қаласында «Talap» КЕАҚ – «WorldSkills Kazakhstan» жобасының ұлттық операторының ұйымдастыруымен 2026 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының «WorldSkills Shanghai-2026» (Қытай) чемпионатының «Қонақ үй ресепшионисі» құзыреттілігі бойынша ҚР Ұлттық құрамасына кандидат ретінде іріктеу кезеңі өтті. Онда «WorldSkills Kazakhstan» республикалық чемпионаттарының жүлдегерлері қатарынан табылған кандидаттар өзара бақ сынасты. Нәтижесінде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ШТ-22-1 тобының студенті, аталмыш байқаудың республикалық кезеңінің 1-орын иегері Куралова Дильназ(жетекшісі Муканова И.Е.) жүлделі 1-орын иеленсе, ШТ-22-1 тобының студенті, «EuroSkills Herning-2025» іріктеу кезеңінің қатысушысы Асылхан Жантөре (жетекшісі Кошкарбаева М.Б.) жүлделі 2-орын иеленді. Жеңімпазымыз Куралова Дильназ ҚР Ұлттық құрамасына кандидат ретінде іріктеліп, халықаралық кезеңге жолдама алды. Дильназ бен оның жетекшісі Муканова Индира Ерлановнаны құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 19 қараша
"DEM-AL" , жарайсыздар!

Қарағанды жайдарман филиалының ұйымдастыруымен «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Қарағанды облыстық филиалының қолдауымен «QYZDAR CUP» ойнында "DEM-AL" құрамасы 1-орын иеленді. Топ құрамы: 1. Кісеке Сымбат(ШТ-23-3); 2. Қайржан Аружан(ШТ-23-3); 3. Данабекова Жаннұр(ШТ-23-3); 4. Баярстанова Камила (Қ-24-1). Құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 19 қараша
Интеллектуалдық квизден жүлделі оралды

2026 жылғы ақпанның 26-жұлдызында Жастар Ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Конституциялық референдум: саналы таңдау» атты интеллектуалдық квизда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері 2-орын иеленді. Команда құрамы: 1. Балгожина Назым БМ-24-1 2. Балуан Аяла ҚӘ-24-1 3. Такирова Мәдениет ҚӘ-24-1 4. Ерқанатқызы Нұрай ҚӘ-24-1 5. Совет Жанерке ҚӘ-24-1. Құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 19 қараша
Тоғызқұмалақтан жүлделі оралдық

2026 жылғы 11 наурызда өткен Ұлттық студенттік лиганың 1 дивизион колледж студенттері арасында тоғызқұмалақтан облыстық жарыста Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің командасы жүлделі 2-орын иеленді. Команда құрамында ойнаған студенттер: Шаршабекова Таңшолпан (БМ-24-3), Аманжол Алия (БМБ-25-1/11/), Сайлау Айтолқын (ДМ-24-3), Дауленова Аружан (Р-25-2), Қозы Зәмзәгүл (ДМБ-25-1/11/), Ескендір Қосжан (ДМ-24-1), Ескендір Сағынай (ДМ-24-1), Көбеген Мансұр (ДМЖ-24-1), Қадыр Бекзат (ДМ-24-1). Жеңімпаз студенттеріміз бен оларды баптаған жетекшісі А.Е.Сүлейменді құттықтаймыз.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/