2024 жылғы 18 қарашада Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде қаржылық сауаттылық апталығының ашылу салтанаты өтті. Гуманитарлық-техникалық пәндер кафедрасының меңгерушісі А. Д. Конакбаева құттықтау сөз сөйлеп, алдағы байқауларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Жүргізушілер студенттерді аптаның бағдарламасымен таныстырды, онда келесі іс-шаралар жоспарланған: Студенттер арасында "Студенттік хоббиден табысты бизнеске дейін" VII облыстық дайын бұйымдар жәрмеңкесі, табысты бизнесмендермен кездесу," Креативті экономика күні "ойыны. Шара барысында
"Есеп және аудит" мамандығының 3 курс студенттері ақшаның құрылу тарихы туралы “Қаржылық сауаттылық білгірлері" ойнын өткізді. Шараны гуманитарлық-техникалық пәндер кафедрасының педагогтері Ж.А. Арипбек пен Т. Д. Бекболатова ұйымдастырды, барлығы 85 студент қамтылды.