Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«THE WORLD OF LANGUAGES» VII ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

«THE WORLD OF LANGUAGES» VII ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ 2024 жылдың 25 қыркүйегінде үш тілде білім беру апталығы аясында «The world of languages» VII облыстық байқауы өтті. Шараны тілдер және әдебиеті кафедрасының оқытушылары Надирова А.А., Совет М.К., Рем В.В., Зейнетулла Г. Е., Мажитова А. Н., Азбаева С.Т., Бәкібай Т.Б. ұйымдастырды.

Байқауға облыс колледждерінен тілдік емес мамандықтардың 36 студенті қатысты.

Байқау үш кезеңде өткізілді:

- 1 кезең– Үш тілде тестілеу.

Қатысушылар үш тілде(қазақ, орыс, ағылшын) тестілеуден өтті.

- 2 кезең - Тыңдалым тесті. Қатысушылар ағылшын тілінде аудиожазбаны тыңдап, үш тілде (орыс, қазақ, ағылшын) 20 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындады.

- 3-кезең – Викторина – «Үздік спикер» үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) сұрақтардан тұрады. Тақырыптары: мерекелер, ұлы есімдер, көрікті жерлер;

Байқау кезеңдерінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1-орын - Усенов Елдар Дарханович, студент «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК

2-орын – Жангазбаев Нурислам Сакенович, студент «Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК
2-орын – Тоқыш Аиша Ерболатқызы, студент «Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономика, бизнес және заң колледжі» ЖММ

3-орын – Кентай Ақнұр Нұрланқызы, студент «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ
3-орын – Жаппарханов Нұрмұхаммед Қайратұлы, студент «Б.Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК
3-орын – Алиева Диана, студент «Шет тілдер колледжі» ЖММ

Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.


Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 31 қазан
ҚР чемпионатынан жеткен тағы бір жағымды хабар

Щучинск қаласында орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік ұйымдарының студенттері арасында футболдан өтіп жатқан “Ұлттық спорттық лига” республикалық спартакиадасында Қарағанды “ Bolashaq” жоғарғы колледжінің футбол командасы 22 мамыр күні Түркістан облысының қарсылас командасын 8:2 есебімен жеңді. Студенттеріміздің жеңіс тұғырынан табылуын тілейміз!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 31 қазан
Халықаралық чемпионатта - 1-орын

13.05.2026ж.-22.05.2026ж. күндер аралығында Көкшетау қаласында өткен «Dosti Skills Kokshetau 2026» халықаралық чемпионатында «Автономды мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Бағдарламалық қамтамасыз ету» (түрлері бойынша) мамандығының БҚҚ-23-1 тобының студенттері Жанбырбаев Алибек, Мұхамбет Ғани жүлделі 1-орын иеленді. Аталмыш құзыреттілік бойынша 5 елден 14 команда қатысқан бәсеке өте тартысты өтті. Жеңімпаздарымызға жетекшілік еткен, сонымен қатар байқауға сарапшы ретінде қатысқан директордың ақпараттандыру технологиясы жөніндегі орынбасары, информатика пәнінің оқытушысы А.Т.Тусупбаевты және жеңімпаздарымызды тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 31 қазан
"Жігіт сұлтаны - 2026" байқауынан жүлделі орын иеленді

Қарағанды облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 19 мамырда колледж студенттерінің арасында өткен облыстық "Жігіт сұлтаны - 2026" байқауында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің "дене мәдениеті және спорт" мамандығының ДМ-24-1 тобының студенті Ерғанатұлы Бекнұр жүлделі 3-орын иеленді. Жеңімпазымыз бен жетекшісі А.К.Бекмағамбетті құттықтаймыз.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 31 қазан
КВН тұғырында

2026 жылғы 15 мамырда Қарағанды облысы білім басқармасының кубогы Жайдарман ойындарының орыс лигасында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттерінен құралған «Красти Крабс» КВН командасы жүлделі 3-орын иеленді. Сонымен қатар ПР-25-2 тобының студенті Махмудов Фаган «Мистер КВН» номинациясын иеленді. Команда құрамында ойын көрсеткен студенттерімізді мақтанышпен атап өтейік:ФК-25-2 тобының студенттері Королев Артем, Кузнецова Полина, Бельгибай Арыстанбек, Строкина Нина, Котова Алиса, Батишова Татьяна, ФК-25-4 тобының студенттері Ягудинова Диляра, Словестникова Арина, Ялымова Вилена, Рыксиев Темир, ПР-25-2 тобының студенті Махмудов Фаган. Жеңімпаздарымыз бен олардың жетекшісі, «Жігер» СП координаторы Жәмелова Д.А. құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/