Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ұжымы колледждің орыс тлі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Азбаева Сауле Тектурмасовнаны мерейлі 55 жасқа толу күнімен құттықтады. Сауле Тектурмасовна 2005 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледжімізде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы қызметін абыроймен атқарып келеді. 2006–2023 жылдар аралығында күндізгі оқу бөлімінің меңгерушісі, ал 2021–2023 жылдары директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуге, колледждің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Мерейтой иесін колледж директоры мен ұжым мүшелері құттықтап, көпжылдық жемісті еңбегі мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін ризашылықтарын білдірді.
Мерейтой иесі құттықталды