2026 жылдың 1 қыркүйегінде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде Білім күні мерекесіне арналған «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында бірыңғай кураторлық сағат өтті.
Шара барысында студенттерге Ата Заңымыздың маңыздылығы, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар колледжбен және оның ішкі тәртіп ережесімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Бұл күн – білімге ұмтылған жастар үшін жаңа белестердің, ізгі идеялар мен үлкен мақсаттардың бастауы болды. Жаңа оқу жылы барша студенттер мен ұстаздар қауымы үшін табысты әрі берекелі болсын!
Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде Білім күніне арналған бірыңғай кураторлық сағат өтті