2026 жылдың 31 тамызында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде жаңа 2026-2027 оқу жылына арналған педагогикалық кеңес отырысы өтті. Жиынды колледж директоры Г.Б. Мамраева кіріспе сөзбен ашып, жаңа оқу жылында педагогикалық ұжымға табыс тілеп, ұжым алдында тұрған басты міндеттерге тоқталды. Күн тәртібіне сәйкес келесіде оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша (баяндамашы: директордың орынбасары Р.М. Ишанкулова), ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша (баяндамашы: директордың орынбасары И.Х. Капанова), оқу-өндірістік жұмыстар бойынша (баяндамашы: директордың орынбасары Н.К. Касымова); тәрбие жұмысы бойынша (баяндамашы: директордың орынбасары М.Б. Кабылова), ақпараттандыру бағыты бойынша (баяндамашы: директордың орынбасары А.Т. Тусупбаев) сөз сөйлеп, 2026-2027 оқу жылына арналған колледж қызметінің мақсаттары мен міндеттерін таныстырды. Педагогикалық кеңес отырысы жаңа оқу жылына нақты бағыт-бағдар айқындап, ұжымға шығармашылық серпін берді.
Жаңа оқу жылының мақсат-міндеттері анықталды