Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Колледжіміз - «WorldSkills Karaganda-2026» өңірлік чемпионатының нәтижесі бойынша 5-орында

2026 жылғы 11 маусымда «WorldSkills Karaganda-2026» өңірлік чемпионатының жабылу салтанаты өтіп, Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері бірнеше құзыреттіліктер бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді.Олар:
1. «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі бойынша Оралбай Расул (сарапшысы: Елибаева-Мұхтар Айгерім Мырзабековна) – жүлделі І орын;
2. «Қонақ үй ресепшионисті» құзыреттілігі бойынша Кабдылкаримова Раянна (сарапшысы: Мажитова Айдана Нұрбековна) – жүлделі І орын;
3. «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша Нұрмұханбет Гүлсезім (сарапшысы: Тусупбаева Алия Канатовна) – жүлделі І орын;
4. «Жиһаз өндірісі» құзыреттілігі бойынша Кәріғұл Нұрасыл (сарапшысы: Буркитсетер Нуртилек) – жүлделі ІІ орын;
5. «Ақпараттық қауіпсіздік» құзыреттілігі бойынша Ким Антон, Габдулла Әділжан (сарапшысы: Балапан Хуанбек) – жүлделі ІІ орын;
6. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша Укибаева Гүллазат (сарапшысы: Ильяшова Бақытгүл Файзуллиновна) – жүлделі ІІ орын;
7. «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша Тумасова Валерия (сарапшысы: Кошкарбаева Мейзгуль Бердирахимовна) – кәсібилігі үшін медальон.
8. «Web-технологиялар» құзыреттілігі бойынша Галятина Ольга (сарапшысы: Кожагулова Аяулым Саятовна) – кәсібилігі үшін медальон.
Жалпы командалық нәтиже бойынша Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжі - 5 орында. Жоғары көрсеткіші үшін колледж директоры Мамраева Гайни Баймагамбетовнаға алғыс хат табысталды. Салтанатты жабылу шарасында Көкшетау қаласында өткен «DOSTI Skills Kokshetau 2026» халықаралық чемпионатында «Автономды мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша жүлделі І орын иеленген колледжіміздің «Бағдарламалық қамтамасыз ету» (түрлері бойынша) мамандығының БҚҚ-23-1 тобының студенттері Жанбырбаев Алибек пен Мұхамбет Ғаниды да марапаттап, облысымыз ғана емес, республикамыздың да абыройын әлемдік аренада асқақтатып келгендігін ерекше атап өтті.
Бұл жетістіктер – студенттеріміздің табандылығы мен қажырлы еңбегінің, оларды кәсіби шеберлікке баулып, бағыт-бағдар берген сарапшыларының жоғары біліктілігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Сонымен қатар колледжімізде «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі бойынша жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырып, әділ әрі сапалы өткізуге зор үлес қосқан бас сарапшы Манашева Майя Советхановна мен бас сарапшының орынбасары Сырбаева Назгуль Борашевнаға колледж әкімшілігі ерекше алғысын білдіреді.

 

Әрбір жеңіс – үлкен еңбектің жемісі. Колледжіміздің дарынды студенттері мен білікті педагогтері алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, өңіріміздің және еліміздің абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз!

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2026 ж. 4 тамыз
Түлегіміз ”WorldSkills Shanghai 2026” чемпионатына аттанды

Әлемдік кәсіби шеберліктің ең ірі додаларының бірі — “WorldSkills Shanghai 2026” чемпионатына санаулы күндер қалды. Осы айтулы халықаралық чемпионатта Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің «Шетел тілі» мамандығының 2026 жылғы түлегі Құралова Дильназ Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ел намысын қорғайды! 🇰🇿✨ Дильназдың Қазақстан командасының құрамына енуі — оның кәсіби шеберлігіне, біліміне, табандылығы мен тынымсыз еңбегіне берілген жоғары баға. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік жас мамандармен бірге ол “WorldSkills Shanghai 2026” халықаралық чемпионатында Қазақстанның көк туын көкке көтеріп, өз қабілетін әлемдік деңгейде танытпақ. Бұл — Дильназ үшін ғана емес, оның ата-анасы, жетекшісі - колледж оқытушысы Муканова Индира Ерлановна, ұстаздары, Қарағанды “Bolashaq” колледжі және барша Қазақстан үшін үлкен мәртебе! ❤️🇰🇿 Дильназ, саған сәттілік тілейміз! Білімің мен білігіңе, күшің мен талабыңа сенеміз! Әлемдік додада Қазақстанның намысын абыроймен қорға! Жеңіспен орал, Дильназ! Біз сені мақтан тұтамыз! 🇰🇿🏆 #WorldSkillsShanghai2026 #WorldSkillsKazakhstan

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 4 тамыз
Заң жеке таңдаудан басталады: Қарағандыда өткен форум 15 мыңға жуық студентті біріктірді

Заң жеке таңдаудан басталады: Қарағандыда өткен форум 15 мыңға жуық студентті біріктірді Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттері «Жастар - Заң мен тәртіптің тірегі» атты жастар форумына қатысты. Іс-шараға 15 мыңға жуық студент қатысты. Форум барысында нақты өмірлік оқиғаларға негізделген бейнероликтер көрсетілді. Нақты кейстер арқылы жастардың есірткі, дропперлік, интернет-алаяқтық және «жеңіл ақшаға» қызығу салдарынан құқыққа қайшы әрекеттерге қалай тартылуы мүмкін екені және мұндай шешімдердің құқықтық әрі өмірлік салдары көрсетілді. Бұл - жай ғана оқиғалар емес. Бұл - шешім қабылданғанға дейін оның салдарын түсінуге мүмкіндік беретін нақты мысалдар. Заң жеке таңдаудан басталады. Ал жауапкершілік - өз әрекетіңнің салдарын түсінуден басталады.

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 4 тамыз
Республикаға жолдама - студентіміздің қолында

2026 жылғы 17 қыркүйекте Теміртау кәсіптік-техникалық колледжінде республикалық “Worldskills” чемпионатының «Отель ресепшионист» құзыреттілігі бойынша іріктеу кезеңі өтті. Іріктеу нәтижесінде колледжіміздің “Шетел тілі мұғалімі” мамандығының ШТ-23-3 тобының студенті Кабдылкаримова Раянна жоғары нәтиже көрсетіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Раяннаға сәттілік тілейміз!

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 4 тамыз
Ынтымақтастық туралы меморандум

КММ «Қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығы» мен Қарағанды «Bolashaq»жоғарғы колледжі арасында екіжақты Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандумның мақсаты — білім беру саласындағы әріптестікті нығайту, студенттердің кәсіби дамуына жағдай жасау және бірлескен жобаларды жүзеге асыру. Ынтымақтастық аясында: ✍Колледж студенттеріне өндірістік тәжірибе ұйымдастыру; ✍Тәжірибеден өту және жұмысқа орналасуға мүмкіндік беру; ✍Өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру жоспарланды. Бұл серіктестік — жастардың болашағына салынған нақты қадам!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/