Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Облыстық «Абай оқулары» байқауынан жүлделі орындар

2026 жылғы 15 мамырда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай оқулары» облыстық байқауында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері бірнеше жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...» номинациясы бойынша ҚӘ-23-1 тобының студенттері Мажит Бекжан, Аманбек Айболат, Анесов Нұрасыл, Әміртай Алмас және РБ-25-2 тобының студенті Прохоров Артемий (жетекшілері Даулетбаева С.К., Макетова А.Р.) жүлделі 1-орын иеленсе, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда...» номинациясының жаратылыстану бағыты бойынша Е-25-1 тобының студенті Қапкеш Нұрислам (жетекшісі Иманбеков К.Б.) жүлделі 3-орын, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда...» номинациясының қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша ҚӘ-24-1 тобының студенті Куантаева Альбина(жетекшісі Жолкенова Г.Ж.) жүлделі 3-орын иеленді. Барша жеңімпаздар мен жетекшілерін құттықтаймыз!

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2026 ж. 25 мамыр
Мерейтой иесін құттықтау

2026 жылғы 1 маусымда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ұжымы педагогика, психология және жеке пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагог-зерттеуші Абильдина Бекзат Қуатқызының 50 жас мерейтойын атап өтіп, құрмет көрсетті. Мерейтой – өз еңбегімен, кәсіби шеберлігімен және таңдаған ісіне деген адалдығымен әріптестері мен студенттерінің құрметіне ие болған жанға шынайы алғыс пен ізгі тілектерді білдіретін ерекше мереке. Бекзат Қуатқызы – дарынды педагог, білікті басшы, жастарға бағыт-бағдар беретін тәлімгер ретінде колледждің дамуына және болашақ мамандарды даярлауға елеулі үлес қосып келеді. Оның жауапкершілігі жоғары еңбекқорлығы, үнемі ізденіске ұмтылысы және айналасындағы жандарды жігерлендіре білу қасиетінің арқасында кафедра білім беру саласындағы бастамаларды табысты жүзеге асырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Әріптестері Бекзат Қуатқызын кәсіби құзыреттілігі, адамгершілігі, жанашырлығы және ұжымда ынтымақтастық пен өзара түсіністік ахуалын қалыптастыра білетін қасиеттері үшін ерекше құрметтейді. Осы айтулы күні Бекзат Қуатқызына зор денсаулық, мол бақыт, отбасы амандығын, жан тыныштығы мен сарқылмас күш-қуат тілейміз. Алдағы уақытта жаңа белестер мен толағай табыстарға жетіп, қызықты жобалар мен жарқын жетістіктерге жолыңыз ашық болсын. Әр күніңіз жақындарыңыздың сүйіспеншілігіне, құрметі мен қамқорлығына толы болсын! Мерейтойыңыз құтты болсын!

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 25 мамыр
Бейнеролик байқауынан жүлдегерлер атанды

2026 жылғы 6-7 мамыр аралығында өткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен облыстық "Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат" бейнероликтер байқауында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттері жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, "Бейне ашық хат" номинациясында ДМ-24-1 тобының студенті Ерғанатұлы Бекнұр (жетекшісі Жәмелова Д.А.) жүлделі 1-орын, "Әскери-патриоттық әндерді орындау" номинациясында БМ-24-1 және БМ-24-3 топтарының студенттері Айтмағанбет Назерке, Сермагамбетова Айжан, Мағауия Ақбота (жетекшісі Насырова А.К.) жүлделі 1-орын иеленді. Құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 25 мамыр
Оқытушымыз 1-орын иеленді

2026 жылғы 28 мамыр күні өткен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында спорт саласы бойынша аймақтық кәсіби шеберлік байқауында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Шенфельд Анастасия Владимировна жүлделі 1-орын иеленді. Құтты болсын!

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 25 мамыр
Эссе байқауының жеңімпаздары анықталды

2026 жылдың 21–22 мамыры аралығында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері арасында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Саяси қуғын-сүргін құрбандары: әділет іздеген тағдырлар» атты колледжішілік эссе байқауы өтті. Нәтижесінде қазақ топтары бойынша: 1-орын: Бағдатқызы Нұрсұлу (ҚӘ-23-1) 2-орын: Қадырова Ұлпан (ҚӘБ-24-1/11) 3-орын: Құмарбек Жанайым (ШТ-25-1) 3-орын: Оразалы Айзере (Қ-25-1) Орыс топтары бойынша: 2-место: Колибанская Ангелина (ФКТ-25-2) 3-место: Аблаева Дильназ (Р-25-2). Жеңімпаздар 28 мамыр күні «Астана-Алжир» экскурсиясына жолдама ұтып алғанын хабарлаймыз. Құтты болсын!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/