2026 жылғы 10–12 сәуір аралығында Талдықорған жоғары политехникалық колледжі базасында халықаралық «WorldSkills Shanghai - 2026» чемпионатына қатысатын Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасы командасына іріктеу кезеңі өтті. Республикалық «WorldSkills Kazakhstan» байқауының «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі бойынша 2025 жылғы жеңімпаздары қатысты. Соның ішінде Қарағанды облысы атынан Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің түлегі Бейсен Алан(жетекшілері Елибаева – Мухтар А.М., Манашева М.С.) барып, қатысып қайтты. Жетісу облысы білім басқармасы колледж басшысы Г.Б.Мамраеваға осындай ірі шараға қатысушыны қолдап, құзыреттіліктің дамуы үшін атқарып жатқан еңбегіне жеміс тілеп алғыс хат жолдады.
«WorldSkills Shanghai - 2026» іріктеу кезеңіне қатысып қайтты