2026 жылғы 10 сәуірде ювеналды полиция инспекторы қызметкерлері полиция капитаны Сатанова М.С. және полиция аға лейтенанты Муханова А.Е. қатысуымен Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттеріне профилактикалық дәріс өткізді. Дәрісте •жасөспірімдер арасындағы буллинг пен қорлау; ұсақ бұзақылық және ҚР ҚК-нің 108, 109-баптары бойынша жауапкершілік; білім беру ұйымына өткір, кескіш заттар мен газ баллондарын алып кіруге тыйым салу; самокаттар мен мопедтерді басқару ережелері, оларды басқаруға қатысты жас шектеулері, пайдалану кезінде қорғаныс құралдарын қолдану; кәмелетке толмағандардың жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі секілді тақырыптар қозғалды. Дәріске ШТ-25-3, ҚӘ-24-1, Р-25-2, ИН-25-2 топтары қатысты.
Құқық бұзушылықтың алдын алу