Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері еңбекке баулу мақсатында қаламыздың және колледжіміздің сыртқы келбетін жақсарту үшін тазалық жұмыстарын жүргізді. Қамтылған студенттер саны - 60 студент.
Тазалық жұмыстары жүргізілді
Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері еңбекке баулу мақсатында қаламыздың және колледжіміздің сыртқы келбетін жақсарту үшін тазалық жұмыстарын жүргізді. Қамтылған студенттер саны - 60 студент.
2026 жылғы 1 маусымда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ұжымы педагогика, психология және жеке пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагог-зерттеуші Абильдина Бекзат Қуатқызының 50 жас мерейтойын атап өтіп, құрмет көрсетті. Мерейтой – өз еңбегімен, кәсіби шеберлігімен және таңдаған ісіне деген адалдығымен әріптестері мен студенттерінің құрметіне ие болған жанға шынайы алғыс пен ізгі тілектерді білдіретін ерекше мереке. Бекзат Қуатқызы – дарынды педагог, білікті басшы, жастарға бағыт-бағдар беретін тәлімгер ретінде колледждің дамуына және болашақ мамандарды даярлауға елеулі үлес қосып келеді. Оның жауапкершілігі жоғары еңбекқорлығы, үнемі ізденіске ұмтылысы және айналасындағы жандарды жігерлендіре білу қасиетінің арқасында кафедра білім беру саласындағы бастамаларды табысты жүзеге асырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Әріптестері Бекзат Қуатқызын кәсіби құзыреттілігі, адамгершілігі, жанашырлығы және ұжымда ынтымақтастық пен өзара түсіністік ахуалын қалыптастыра білетін қасиеттері үшін ерекше құрметтейді. Осы айтулы күні Бекзат Қуатқызына зор денсаулық, мол бақыт, отбасы амандығын, жан тыныштығы мен сарқылмас күш-қуат тілейміз. Алдағы уақытта жаңа белестер мен толағай табыстарға жетіп, қызықты жобалар мен жарқын жетістіктерге жолыңыз ашық болсын. Әр күніңіз жақындарыңыздың сүйіспеншілігіне, құрметі мен қамқорлығына толы болсын! Мерейтойыңыз құтты болсын!
Толығырақ2026 жылғы 6-7 мамыр аралығында өткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен облыстық "Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат" бейнероликтер байқауында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттері жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, "Бейне ашық хат" номинациясында ДМ-24-1 тобының студенті Ерғанатұлы Бекнұр (жетекшісі Жәмелова Д.А.) жүлделі 1-орын, "Әскери-патриоттық әндерді орындау" номинациясында БМ-24-1 және БМ-24-3 топтарының студенттері Айтмағанбет Назерке, Сермагамбетова Айжан, Мағауия Ақбота (жетекшісі Насырова А.К.) жүлделі 1-орын иеленді. Құттықтаймыз!
Толығырақ2026 жылғы 28 мамыр күні өткен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында спорт саласы бойынша аймақтық кәсіби шеберлік байқауында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Шенфельд Анастасия Владимировна жүлделі 1-орын иеленді. Құтты болсын!
Толығырақ2026 жылдың 21–22 мамыры аралығында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері арасында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Саяси қуғын-сүргін құрбандары: әділет іздеген тағдырлар» атты колледжішілік эссе байқауы өтті. Нәтижесінде қазақ топтары бойынша: 1-орын: Бағдатқызы Нұрсұлу (ҚӘ-23-1) 2-орын: Қадырова Ұлпан (ҚӘБ-24-1/11) 3-орын: Құмарбек Жанайым (ШТ-25-1) 3-орын: Оразалы Айзере (Қ-25-1) Орыс топтары бойынша: 2-место: Колибанская Ангелина (ФКТ-25-2) 3-место: Аблаева Дильназ (Р-25-2). Жеңімпаздар 28 мамыр күні «Астана-Алжир» экскурсиясына жолдама ұтып алғанын хабарлаймыз. Құтты болсын!
Толығырақ