2026 жылғы 31 наурызда Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің директоры Мамраева Г.Б. "Bolashaq" Академиясының ұйымдастыруымен өткен "Колледж - ВУЗ" серіктестік сессиясына қатысып қайтты. Сессияда мемлекетке қажетті маман даярлауда жоғары оқу орны мен колледждер арасындағы әлеуметтік серіктестіктің даму жоспарлары қарастырылды. Шара соңында Академия ректоры К.Б.Аданов Ғайни Баймағамбетқызына: "Сізге білікті кадрларды даярлау саласындағы жемісті ынтымақтастығыңыз, білім беру ұйымдары арасындағы серіктестікті дамытуға қосқан үлесіңіз және практикалық-бағдарлы білім беруді жетілдіруге бағытталған қолдауыңыз үшін" ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыстады.
Алғыс хат табысталды