Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«Үздік физика оқытушысы» байқауы

2026 жылғы 27 наурызда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі Қарағанды облысының Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (ТжКББ) ұйымдарының педагогтері арасында облыстық «Үздік физика оқытушысы» байқауын өткізді.

 

Мақсаты: озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, ТжКББ жүйесі оқытушыларының кәсіби шеберлігін дамыту, педагогикалық қызметтің үздік үлгілерін тәжірибеге енгізу арқылы білім сапасын арттыру.

 

Байқау үш кезең бойынша өткізілді:
I кезең – іріктеу кезеңі (тестілеу түрінде);
II кезең – «Физика сабақтарында жасанды интеллектті тиімді қолдану», мұнда қатысушылар физиканы оқытуда жасанды интеллект құралдарын қолдану тәжірибесін ұсынды;
III кезең – «Білім беру контентінің дизайнері» – сабақтың әртүрлі кезеңдерінде нақты білім беру міндеттерін жүзеге асыруға арналған дидактикалық материалдардың таныстырылымы.

 

Жеңімпаздар:
1-орын – Жақыпова Ажар Жомартовна, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі;
2-орын – Жақыпова Мөлдір Серікқызы, Қарағанды тамақтану және сервис колледжі;
3-орын – Шибитова Татьяна Леонидовна, А. Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі.

 

Жеңімпаздар Қарағанды облысының Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.
Байқауды ұйымдастыруға жауапты – Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ЖББ пәндері кафедрасының меңгерушісі Табаракова А.Т..

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2026 ж. 14 сәуір
Түлегіміз ”WorldSkills Shanghai 2026” чемпионатына аттанды

Әлемдік кәсіби шеберліктің ең ірі додаларының бірі — “WorldSkills Shanghai 2026” чемпионатына санаулы күндер қалды. Осы айтулы халықаралық чемпионатта Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің «Шетел тілі» мамандығының 2026 жылғы түлегі Құралова Дильназ Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ел намысын қорғайды! 🇰🇿✨ Дильназдың Қазақстан командасының құрамына енуі — оның кәсіби шеберлігіне, біліміне, табандылығы мен тынымсыз еңбегіне берілген жоғары баға. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік жас мамандармен бірге ол “WorldSkills Shanghai 2026” халықаралық чемпионатында Қазақстанның көк туын көкке көтеріп, өз қабілетін әлемдік деңгейде танытпақ. Бұл — Дильназ үшін ғана емес, оның ата-анасы, жетекшісі - колледж оқытушысы Муканова Индира Ерлановна, ұстаздары, Қарағанды “Bolashaq” колледжі және барша Қазақстан үшін үлкен мәртебе! ❤️🇰🇿 Дильназ, саған сәттілік тілейміз! Білімің мен білігіңе, күшің мен талабыңа сенеміз! Әлемдік додада Қазақстанның намысын абыроймен қорға! Жеңіспен орал, Дильназ! Біз сені мақтан тұтамыз! 🇰🇿🏆 #WorldSkillsShanghai2026 #WorldSkillsKazakhstan

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 14 сәуір
Заң жеке таңдаудан басталады: Қарағандыда өткен форум 15 мыңға жуық студентті біріктірді

Заң жеке таңдаудан басталады: Қарағандыда өткен форум 15 мыңға жуық студентті біріктірді Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттері «Жастар - Заң мен тәртіптің тірегі» атты жастар форумына қатысты. Іс-шараға 15 мыңға жуық студент қатысты. Форум барысында нақты өмірлік оқиғаларға негізделген бейнероликтер көрсетілді. Нақты кейстер арқылы жастардың есірткі, дропперлік, интернет-алаяқтық және «жеңіл ақшаға» қызығу салдарынан құқыққа қайшы әрекеттерге қалай тартылуы мүмкін екені және мұндай шешімдердің құқықтық әрі өмірлік салдары көрсетілді. Бұл - жай ғана оқиғалар емес. Бұл - шешім қабылданғанға дейін оның салдарын түсінуге мүмкіндік беретін нақты мысалдар. Заң жеке таңдаудан басталады. Ал жауапкершілік - өз әрекетіңнің салдарын түсінуден басталады.

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 14 сәуір
Республикаға жолдама - студентіміздің қолында

2026 жылғы 17 қыркүйекте Теміртау кәсіптік-техникалық колледжінде республикалық “Worldskills” чемпионатының «Отель ресепшионист» құзыреттілігі бойынша іріктеу кезеңі өтті. Іріктеу нәтижесінде колледжіміздің “Шетел тілі мұғалімі” мамандығының ШТ-23-3 тобының студенті Кабдылкаримова Раянна жоғары нәтиже көрсетіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Раяннаға сәттілік тілейміз!

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 14 сәуір
Ынтымақтастық туралы меморандум

КММ «Қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығы» мен Қарағанды «Bolashaq»жоғарғы колледжі арасында екіжақты Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандумның мақсаты — білім беру саласындағы әріптестікті нығайту, студенттердің кәсіби дамуына жағдай жасау және бірлескен жобаларды жүзеге асыру. Ынтымақтастық аясында: ✍Колледж студенттеріне өндірістік тәжірибе ұйымдастыру; ✍Тәжірибеден өту және жұмысқа орналасуға мүмкіндік беру; ✍Өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру жоспарланды. Бұл серіктестік — жастардың болашағына салынған нақты қадам!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/