Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Тарих арқылы шабыттандыру: «Менің туған өлкем» облыстық байқауындағы жетістік

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің оқытушысы Жанкуатова Айгерім Бекайдаровна «Менің туған өлкем» облыстық медиасабақтар байқауында 2-орынды иеленді. Медиасабақ тек оқу материалы ғана емес, өткен мен қазіргі арасындағы шынайы көпірге айналды, студенттерге туған өлкесінің тарихын жаңа қырынан көруге мүмкіндік берді. Интерактивті форматтар, визуалды шешімдер және мұқият ойластырылған сабақ құрылымы арқылы оқытушы біліммен қатар құндылықтарды қалыптастыратын білім беру кеңістігін жасай алды.

 

Жанкуатова Айгерім Бекайдаровнаны лайықты жүлделі орнымен құттықтап, шығармашылық жеңістер, кәсіби өсу және жаңа педагогикалық ашулар тілейміз!

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2026 ж. 14 сәуір
Республикалық Ұлттық лигага жолдама алды

2026 жылғы наурыз айында өткен Облыстық студенттік лигада 1-дивизион студенттері арасында баскетболдан Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің қыздар командасы жүлделі 1-орынға ие болып, сәуір айының 12 мен 16-жұлдызы аралығында өтетін Республикалық Ұлттық студенттік лигаға жолдама алды. Команда құрамында: Құттымбет Қадиша (БМ-22-1), Зибарева Милана (ФКТ-23-2/11), Бабикова Дарья (ФК-22-2), Бержаминская Мирланна (ФК-24-4), Лялькова Марина (ФКТ-25-2/11), Дюсекова Айсұлу (БМ-24-1), Қинаят Іңкәр (ДМ-25-3), Серикова Сабина (БМ-24-3). Жеңімпаздарымыз бен олардың жетекшісі Буркитсетер Нуртилекті жеңістерімен құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 14 сәуір
Тарих арқылы шабыттандыру: «Менің туған өлкем» облыстық байқауындағы жетістік

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің оқытушысы Жанкуатова Айгерім Бекайдаровна «Менің туған өлкем» облыстық медиасабақтар байқауында 2-орынды иеленді. Медиасабақ тек оқу материалы ғана емес, өткен мен қазіргі арасындағы шынайы көпірге айналды, студенттерге туған өлкесінің тарихын жаңа қырынан көруге мүмкіндік берді. Интерактивті форматтар, визуалды шешімдер және мұқият ойластырылған сабақ құрылымы арқылы оқытушы біліммен қатар құндылықтарды қалыптастыратын білім беру кеңістігін жасай алды. Жанкуатова Айгерім Бекайдаровнаны лайықты жүлделі орнымен құттықтап, шығармашылық жеңістер, кәсіби өсу және жаңа педагогикалық ашулар тілейміз!

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 14 сәуір
Сүйінші!

2026 жылғы 17 наурызда Алматы қаласында «Talap» КЕАҚ – «WorldSkills Kazakhstan» жобасының ұлттық операторының ұйымдастыруымен 2026 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының «WorldSkills Shanghai-2026» (Қытай) чемпионатының «Қонақ үй ресепшионисі» құзыреттілігі бойынша ҚР Ұлттық құрамасына кандидат ретінде іріктеу кезеңі өтті. Онда «WorldSkills Kazakhstan» республикалық чемпионаттарының жүлдегерлері қатарынан табылған кандидаттар өзара бақ сынасты. Нәтижесінде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ШТ-22-1 тобының студенті, аталмыш байқаудың республикалық кезеңінің 1-орын иегері Куралова Дильназ(жетекшісі Муканова И.Е.) жүлделі 1-орын иеленсе, ШТ-22-1 тобының студенті, «EuroSkills Herning-2025» іріктеу кезеңінің қатысушысы Асылхан Жантөре (жетекшісі Кошкарбаева М.Б.) жүлделі 2-орын иеленді. Жеңімпазымыз Куралова Дильназ ҚР Ұлттық құрамасына кандидат ретінде іріктеліп, халықаралық кезеңге жолдама алды. Дильназ бен оның жетекшісі Муканова Индира Ерлановнаны құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 14 сәуір
"DEM-AL" , жарайсыздар!

Қарағанды жайдарман филиалының ұйымдастыруымен «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Қарағанды облыстық филиалының қолдауымен «QYZDAR CUP» ойнында "DEM-AL" құрамасы 1-орын иеленді. Топ құрамы: 1. Кісеке Сымбат(ШТ-23-3); 2. Қайржан Аружан(ШТ-23-3); 3. Данабекова Жаннұр(ШТ-23-3); 4. Баярстанова Камила (Қ-24-1). Құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/