2026 жылғы 17 наурызда Алматы қаласында «Talap» КЕАҚ – «WorldSkills Kazakhstan» жобасының ұлттық операторының ұйымдастыруымен 2026 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының «WorldSkills Shanghai-2026» (Қытай) чемпионатының «Қонақ үй ресепшионисі» құзыреттілігі бойынша ҚР Ұлттық құрамасына кандидат ретінде іріктеу кезеңі өтті. Онда «WorldSkills Kazakhstan» республикалық чемпионаттарының жүлдегерлері қатарынан табылған кандидаттар өзара бақ сынасты. Нәтижесінде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ШТ-22-1 тобының студенті, аталмыш байқаудың республикалық кезеңінің 1-орын иегері Куралова Дильназ(жетекшісі Муканова И.Е.) жүлделі 1-орын иеленсе, ШТ-22-1 тобының студенті, «EuroSkills Herning-2025» іріктеу кезеңінің қатысушысы Асылхан Жантөре (жетекшісі Кошкарбаева М.Б.) жүлделі 2-орын иеленді. Жеңімпазымыз Куралова Дильназ ҚР Ұлттық құрамасына кандидат ретінде іріктеліп, халықаралық кезеңге жолдама алды. Дильназ бен оның жетекшісі Муканова Индира Ерлановнаны құттықтаймыз!
Сүйінші!