2026 жылғы 18 ақпанда Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің “Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі” мамандығының 4-курс студенттері Ахмади Мөлдір мен Ергалиева Айымжан Ж. Бектұров кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов шығармашылығына арналған «Жүрекке жол тапқан роман» атты оқырман конференциясы қатысып, аталмыш шығарманы талдауға белсенді қатысқаны үшін алғыс хатқа ие болды.
Шара барысында қаламгердің өмірі мен әдеби мұрасы кеңінен насихатталып, оның оқырман жүрегінен ерекше орын алған« Махаббат, қызық мол жылдар» романы жан-жақты талқыланды. Романдағы Ербол мен Меңтайдың кіршіксіз махаббаты, жастық шақтағы сезім иірімдері мен өмірлік ұстанымдары туралы қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Конференция жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдебиетімізді ұлықтауға бағытталған тағылымды әрі мазмұнды кездесу болды.
Оқырман конференциясына қатысып, алғыс хатқа ие болды