2026 жылғы 2 ақпанда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде құқықтық сауаттылық апталығының аясында «Вейптер – жас қоғам үшін триггер» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағаттың мақсаты — студенттерге вейп қолданудың денсаулыққа, психологиялық жағдайға және әлеуметтік ортаға тигізетін зияны туралы ғылыми негізделген ақпарат беру, зиянды әдеттердің жасөспірімдер мен жастар ортасында таралу себептерін түсіндіру, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және салауатты өмір салтын саналы таңдауға бағыттау. Кураторлық сағатты "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығының М-25-1 тобымен кураторы Бекмағамбет А.К.. ұйымдастырып, өткізді. Қамтылған студенттер саны – 31.
"Вейптер - жас қоғам үшін триггер" кураторлық сағаты