2026 жылдың 30 қаңтарында «Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында үшінші «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы» облыстық байқауы өткізілді.
Байқау төмендегідей модульдер бойынша жүзеге асты:
І модуль: «Таратуға лайықты идеялар» «Q Talks» форматы арқылы педагогикалық идеямен бөлісу;
ІІ модуль: «Бір сабақ – бір құндылық» (педагогикалық витрина)
ІІІ модуль: «Үздік әдістемелік қоржын»
Байқау нәтижесі бойынша 1-орын Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Муханова Гүлден Тұңғышбайқызы, 2-орынды Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Полат Жанна Әбдіхалыққызы, 3-орынды Қарағанды «Сервис» колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Блялова Данагул Каирбековна иеленді. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, барша қатысушыларға алғыс білдіреміз.
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы» облыстық байқауы