2026 жылдың 22 қаңтарында колледжде кезекті педагогикалық кеңес отырысы өтті. Педкеңестің тақырыбы: «Студенттердің кәсіби даярлығына soft skills дағдыларын интеграциялау».
Іс-шараны колледж директоры Г.Б. Мамраева кіріспе сөзбен ашып берді. Күн тәртібіне сәйкес келесі баяндамашылар сөз сөйледі: Р.М. Ишанкулова (директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары): «Мамандықтар бойынша колледж жұмысын өзін-өзі бағалау есептерін дайындау»; Н.К. Касымова (директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары): «Soft skills дағдыларын оқу процесіне интеграциялау»; Г.Ж. Жолкенова (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы): «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі сабақтарында soft skills дағдыларын дамыту»; Г.А. Жумагулова (информатика пәнінің оқытушысы): «Жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, студенттердің soft skills дағдыларын дамыту»; М.С. Дусмагамбетова (колледж психологы): «Саналы коммуникация: қалай сөйлеу, тыңдау және келісімге келу керек» тақырыбында тренинг өткізді. Қазіргі заман талабына сай, түлектердің кәсіби деңгейі тек олардың кәсіби біліктілігімен (hard skills) ғана емес, сонымен қатар командада жұмыс істей білуімен, сыни ойлауымен және жасанды интеллект технологияларын қолдана алуымен де анықталады. Педагогикалық кеңес біздің студенттеріміздің бәсекеге қабілетті маман болуына көмектесетін ең тиімді әдістерді іздеуге бағытталған. Кеңес аясында топтық жұмыс және рефлексия кезеңі ұйымдастырылды. Бұл әр қатысушыға колледждің білім беру стратегиясын дамытуға өз үлесін қосуға мүмкіндік берді.
Тақырыптық педагогикалық кеңес