2026 жылғы 21-23 қаңтар күндері аралығында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ұжымы арасында "Бір үйдің баласындай" атты колледж оқытушылары мен қызметкерлері арасындағы спартакиада өтті. Спартакиадада оқытушылар үстел теннисінен, дойбы, тоғызқұмалақ, баскетбол, волейбол, «Көңілді старт» эстафетасы секілді ойын түрлерінен өзара күш сынасты. Нәтижесінде жалпы командалық есепте:
1-орын- Жалпы білім беру пәндер кафедрасы және гуманитарлы-техникалық пәндер кафедрасы командасы
2-орын- Әкімшілік командасы
3-орын- Педагогика, психология және жеке әдістемелік пәндер кафедрасы.
Шараны ұйымдастырған дене тәрбиесі және АӘД пәндері кафедрасының оқытушылары мен белсенділік танытқан барлық ұжым мүшелеріне алғыс білдіреміз.
Колледж оқытушылары мен қызметкерлері арасындағы спартакиада