2026 жылғы 15 қаңтарда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)» мамандығының 2022 жылғы түлегі, «WorldSkills Kazakhstan - 2021» чемпионатында "Мобильді робототехника" құзіреттілігі бойынша күміс жүлдегері Қоңыртаев Ерсағынмен кездесу өтті. Ерсағын колледж қабырғасында жүріп, өз мамандығы бойынша үздік түлек атанған. Ол 2022 жылы Astana IT University «Бағдарламалық инженерия» мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыста оқып, қазіргі таңда магистратурада білім алуда. Студенттермен кездесу барысында Ерсағын қазіргі кездегі IT мамандықтар туралы ақпарат беріп, өзекті мәселелерге тоқталды. Осы саладаға өзінің тәжірибесімен бөлісті. Колледжде алған білімнің болашақтағы ықпалы жоғары екенін айтып, колледж басшылығы мен оқытушыларына алғыс білдірді.
Түлекпен кездесу өтті