Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Әкелер мектебі шарасы өтті

2025 жылғы 18 желтоқсан күні Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Ата-аналар мектебі» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» атты танымдық кездесу өтті. Кездесуде ән, сурет және қол өнерінде, педагогикалық қызметте, спортта жетістікке жеткен колледждің әкелер қауымының өкілдері - «Құқықтану» мамандығының Қ-25-1 тобының студенті Мақсұтбеков Дидардың әкесі, дәстүрлі әннің дүлддүлі, атақты дәстүрлі әнші Әркенов Дәуренбек Мақсұтбекұлы, «Дене мәдениеті және спорт» мамандығының ДМ-25-3 тобының студенті Абдирова Аминаның әкесі, оқытушы, әнші Абдиров Жұмагелді Даулетбекович, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының М-25-1 тобының студенті Манатқызы Жазираның ағасы, дзюдодан спорт шебері Абдишев Тілеген, «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының ҚӘ-22-1 тобының студенті Хайрден Көлсіннің әкесі, ағаш шебері Мұратбеков Кенжебек Хайрденұлы, «Дене тәрбиесі жаттықтырушысы» мамандығының ДМЖ-24-1 тобының студенті Қуатбек Гулназдың әкесі, дзюдодан спорт шебері Алибаев Дамир Куатович - қатысып, отбасындағы әкенің рөлі туралы сөз қозғады, отбасы тәрбиесіндегі өз тәжірибелерімен бөлісті. Тағылым мен тәрбиесі мол, берері көп, әке мен бала арасына алтын көпір салар осындай іс-шаралар көп ұйымдастырылса, нұр үстіне нұр болар еді.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 22 желтоқсан
Телекөпір

2026 жылғы 10 сәуірде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қарағанды облысының білім басқармасы облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп өткізген телекөпірге қатысты. Телекөпірде есірткіні жасырын тарату («закладка») қаупі, интернет-алаяқтық және дропперлік, жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллинг мәселелері тақырыптары қозғалды. Аталған жиынға жазасын өтеп жатқан, жасаған ісіне өкініш білдірген және жасөспірімдерге ой айта алатын сотталғандар спикер ретінде қатысып, өздерінің басынан өткен оқиғаларын, бас бостандығынан айырылу себептерін ортаға салды.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 22 желтоқсан
Театр күні

2026 жылғы 8 сәуірде Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің ИН-25-2, РБ-25-2/11 топтары К.С. Станиславский атындағы орыс драма театрына барып, режиссер Елдос Лекеновтің сахналауымен қойылған «Болмаған әңгіме» трагикомедиясын тамашалап қайтты. Родион Белецкийдің пьесасы бойынша қойылған трагикомедиядан студенттеріміз үлкен әсермен оралды.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 22 желтоқсан
ЖИТС-тің алдын алу

2026 жылғы 1 сәуір күні Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінде “ИТВ және ЖИТС ауруларының алдын алу” тақырыбында дәріс оқылды. Мақсаты - студенттердің ИТВ/ЖИТС туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру, аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дәрісті ҚОДСБ «Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресі жөніндегі орталығы» маманы Жанбай Бекзат Қайроллаұлы оқыды. Дәріс барысында маман студенттерге аурудың жұғу жолдары, алдын алу шаралары, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары және жеке жауапкершілік туралы түсіндірілді. Сонымен қатар студенттерге сұрақтар қойылып, кері байланыс жүргізілді. Студенттермен сұрақ-жауап жүргізіліп, олардың білім деңгейі тексерілді, қажетті ақпаратты толық игеріп, маман кеңестерімен танысты. Қатысқан топтар: М-25-1, НО-25-2.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 22 желтоқсан
Денсаулығың - зор байлығың

2026 жылғы наурыз айында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде "Денсаулығың - зор байлығың" акциясы өтті. Онда студенттерге жадынама қағаздары таратылды. Жадынамада күн тәртібі, дұрыс тамақтану, сколиоздың алдын алу, миопияның алдын алу, дене белсенділігі секілді денсаулыққа маңызды ақпараттар ұсынылған. Сенің денсаулығың - сенің байлығың, сенің ғана құндылығың. Денсаулығыңа жауапты қара!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/