Сүйінші!
Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ТИБ-22-2 тобының түлегі Бейсен Алан Республикалық «WorldSkills Kazakhstan – 2025» байқауының «Мобильдік қосымшалар әзірлеу» құзіреттілігі бойынша жүлделі 2-орын иеленді. Түлегіміз бен оның жетекшілері, колледж оқытушылары Манашева Майя Советхановна мен Елибаева-Мухтар Айгерим Мырзабековнаны жемісті жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!