Сүйінші!
Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ШТ-22-1 тобының студенті Куралова Дильназ Республикалық «WorldSkills Kazakhstan – 2025» байқауының «Отель ресепшионисі» құзіреттілігі бойынша жүлделі 1-орын иеленгенін қуана хабарлаймыз! Үлкен жетістік! Тамаша жеңіс! Жеңімпаз студентіміз бен оның жетекшілері, колледж оқытушысы Муканова Индира Ерлановнаны жемісті жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге жеміс тілейміз! Жарайсыздар!