Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттері әр айдың бір күнінде театрға баруды жоспарлаған. Рухани байлық сыйлайтын бір күнде театрға баруды бұл айда "Бастауыш білім беру" мен "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығының М-22-1, БМ-25-3, БМ-23-3, М-25-1 топтары жалғастырып, С.Сейфуллин қазақ драма театрындағы М.Мақатаевтың "Қош, махаббат!" драмасына барды. Қойылым соңынан студенттер өте үлкен әсер алғандықтарын жеткізді.
Театр күні