2025 жылғы 3 желтоқсанда жастар арасында аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілікті күшейту және денсаулықты сақтау дағдыларын дамыту мақсатында №1 Студенттік ауруханасының терапевті Арын Акнур Кайларбековна студенттерге «Тұмау, желшешек, ЖИТС алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды. Онда студенттерге тұмау, желшешек және ЖИТС инфекцияларының таралу жолдары, клиникалық белгілері және олардан қорғану тәсілдері туралы түсіндірілді. Дәріске АЖТ-25-1, WEB-25-1, ДМЖ-25-1, БҚҚ-25-1, М-25-1, БМ-25-3, ДМ-25-1 топтары қатысты.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде