Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

READx жобасының қорытынды кеші

2025 жылғы 26 қарашада Сәкен Сейфуллин атындағы театрда Қарағанды қаласындағы білім ордалары арасында өткен “Әуезов әлемі” атты 1 айлық READx жобасының қорытынды кеші, марапаттау кезеңі өтті. Ай бойы READx жобасы бойынша қаламгер шығармаларына талдау жасау және әдеби эссе жазу жұмыстары жүзеге асырылды.
Әдеби шара барысында студенттеріміз М.Әуезовтің шығармаларындағы заман келбеті, адам тағдыры, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы ой қозғады. Оқушылар бір ай бойы М.Әуезов әлеміне терең үңіліп, шығармаларын жаңаша форматта насихаттады. Қорытынды шарада М.Әуезов шығармасы бойынша театрландырылған қойылым қойылып, әсем ән мен тәтті күйлер орындалды, үздік жұмыстар таныстырылып, марапатталды.
Іс шара қорытындысы бойынша Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ҚӘБ-23-1 тобы студенті Кентай Ұлту «Үздік спикер» атанса, Қәб-24-1 тобы студенті Амангелді Айымның жұмысы « Ең тартымды эссе» атанып, дипломдармен марапатталды(жетекшісі Жолкенова Г.Ж.). Құттықтаймыз!

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 9 желтоқсан
Сүйінші!

2026 жылғы 17 наурызда Алматы қаласында «Talap» КЕАҚ – «WorldSkills Kazakhstan» жобасының ұлттық операторының ұйымдастыруымен 2026 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының «WorldSkills Shanghai-2026» (Қытай) чемпионатының «Қонақ үй ресепшионисі» құзыреттілігі бойынша ҚР Ұлттық құрамасына кандидат ретінде іріктеу кезеңі өтті. Онда «WorldSkills Kazakhstan» республикалық чемпионаттарының жүлдегерлері қатарынан табылған кандидаттар өзара бақ сынасты. Нәтижесінде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ШТ-22-1 тобының студенті, аталмыш байқаудың республикалық кезеңінің 1-орын иегері Куралова Дильназ(жетекшісі Муканова И.Е.) жүлделі 1-орын иеленсе, ШТ-22-1 тобының студенті, «EuroSkills Herning-2025» іріктеу кезеңінің қатысушысы Асылхан Жантөре (жетекшісі Кошкарбаева М.Б.) жүлделі 2-орын иеленді. Жеңімпазымыз Куралова Дильназ ҚР Ұлттық құрамасына кандидат ретінде іріктеліп, халықаралық кезеңге жолдама алды. Дильназ бен оның жетекшісі Муканова Индира Ерлановнаны құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 9 желтоқсан
"DEM-AL" , жарайсыздар!

Қарағанды жайдарман филиалының ұйымдастыруымен «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Қарағанды облыстық филиалының қолдауымен «QYZDAR CUP» ойнында "DEM-AL" құрамасы 1-орын иеленді. Топ құрамы: 1. Кісеке Сымбат(ШТ-23-3); 2. Қайржан Аружан(ШТ-23-3); 3. Данабекова Жаннұр(ШТ-23-3); 4. Баярстанова Камила (Қ-24-1). Құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 9 желтоқсан
Интеллектуалдық квизден жүлделі оралды

2026 жылғы ақпанның 26-жұлдызында Жастар Ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Конституциялық референдум: саналы таңдау» атты интеллектуалдық квизда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері 2-орын иеленді. Команда құрамы: 1. Балгожина Назым БМ-24-1 2. Балуан Аяла ҚӘ-24-1 3. Такирова Мәдениет ҚӘ-24-1 4. Ерқанатқызы Нұрай ҚӘ-24-1 5. Совет Жанерке ҚӘ-24-1. Құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 9 желтоқсан
Тоғызқұмалақтан жүлделі оралдық

2026 жылғы 11 наурызда өткен Ұлттық студенттік лиганың 1 дивизион колледж студенттері арасында тоғызқұмалақтан облыстық жарыста Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің командасы жүлделі 2-орын иеленді. Команда құрамында ойнаған студенттер: Шаршабекова Таңшолпан (БМ-24-3), Аманжол Алия (БМБ-25-1/11/), Сайлау Айтолқын (ДМ-24-3), Дауленова Аружан (Р-25-2), Қозы Зәмзәгүл (ДМБ-25-1/11/), Ескендір Қосжан (ДМ-24-1), Ескендір Сағынай (ДМ-24-1), Көбеген Мансұр (ДМЖ-24-1), Қадыр Бекзат (ДМ-24-1). Жеңімпаз студенттеріміз бен оларды баптаған жетекшісі А.Е.Сүлейменді құттықтаймыз.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/