Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Облыстық байқауда жеңімпаз атанды

2025 жылғы 14 қарашада техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 1-2 курс студенттері арасындағы Қазақ хандығының 560 жылдығына арналған “Қазақстанның тәуелсіздігі - еркіндік пен бірлік символы” тақырыбындағы “Егемен Қазақстан тарихы” облыстық олимпиадасында Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің студенті Ахметжанова Карина жүлделі 2-орын иеленді. Каринаны және жетекшісі, тарих пәнінің оқытушысы Насырова Асемгуль Казбековнаны құттықтаймыз!

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 20 қараша
Облыстық байқауда жеңімпаз атанды

2025 жылғы 14 қарашада техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 1-2 курс студенттері арасындағы Қазақ хандығының 560 жылдығына арналған “Қазақстанның тәуелсіздігі - еркіндік пен бірлік символы” тақырыбындағы “Егемен Қазақстан тарихы” облыстық олимпиадасында Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің студенті Ахметжанова Карина жүлделі 2-орын иеленді. Каринаны және жетекшісі, тарих пәнінің оқытушысы Насырова Асемгуль Казбековнаны құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 20 қараша
Колледж қыз балаларымен кездесу өтті

2025 жылғы 17 қарашада «Қыз балалардың жеке бас гигиенасы: циклдің реттелуі және бұзылысы» дәрісі өтті. Мақсаты: Етеккір циклінің физиологиялық (табиғи) кезеңдері мен гормондық реттелуін түсіндіру. Қыздарға өз денсаулығын бақылау, циклді дұрыс қадағалау дағдыларын қалыптастыру. Етеккір бұзылыстарының негізгі түрлерін, себептерін және алдын алу жолдарын түсіндіру. Уақытында дәрігерге қаралу қажеттілігі туралы ақпарат беру және денсаулық мәдениетін көтеру. Дәрісті Қарағанды қаласы, ТОО «№1 Студенттік емханасының» акушер-гинекологы Серікбай Айдана Арманқызымен кездесу өтті. Лекцияда етеккір циклінің кезеңдері, циклді реттейтін негізгі гормондар және олардың қызметі қарастырылады. Циклдің орташа ұзақтығы, қалыпты өзгерістер, жасөспірім шақтағы циклдің тұрақтануы туралы түсінік берілді. Қыздарға өз циклін күнтізбе немесе қосымша арқылы бақылау, дене күтімі, дұрыс режим, профилактикалық тексерулердің маңыздылығы жөнінде кеңес берілді. Студенттермен сұрақ-жауап алмасылды. Қатысқан топтар: М-23-1, М-24-1, БМ-25-1, БМБ-23-1-11.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 20 қараша
«Бизнес сауаттылық» дәрісі өтті

2025 жылғы 17 қараша күні “Бизнес сауаттылық” дәрісі өтті. Мақсаты: Студенттерге бизнес ұғымының негіздерін, кәсіпкерліктің қоғамдағы рөлін түсіндіру; Студенттердің өз кәсібін бастауға деген қызығушылығын арттыру және кәсіпкерлік ойлау қабілетін қалыптастыру. Дәрісті кәсіпкер, бизнес-тренер Аманжол Оразалинов өткізді. Кездесуде бизнес пен кәсіпкерліктің негізгі ұғымдары, нарық экономикасының жұмыс істеу заңдылықтары, сұраныс пен ұсыныс, бәсекелестік туралы түсініктер берілді. Студенттермен сұрақ-жауап алмасылды. Студенттер ақпаратты толық игерді. Қатысқан топтар: ДМ-25-1, ДМ-25-3, ФК-25-4, АЖТ-25-1, WEB-25-1.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 20 қараша
Шахматтан 1-орын - біздің қыздарда

Колледж студенттерінің 1-дивизион арасында шахматтан 2025 жылғы 18-19 қараша күндерінде өткен «Ұлттық студентік лигасы» облыстық жарыста Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің қыздар командасы жүлделі 1-орын иеленді. Команда құрамында ойнаған студенттер: Шеффер Маргарита (ИН-25-2), Ерсеит Камшат (ДМ-25-1), Сатлер Леонора(ПР-25-1), Сафмуллина Ильфина (ФК-25-4). Студенттерімізді баптаған жетекшілері Толеуова К.М. мен Шенфельд А.В-ны құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/