Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Колледж студенттері - «Qaragandy student fest» жеңімпаздар

2025 жылғы 10-12 қараша күндері аралығында Қарағанды қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Qaragandy student fest» фестивалінде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері бірнеше номинациялардан жеңімпаз болып оралды. Олар:
«Халықтық хореография» номинациясынан жүлделі 2-орынды «Шаттық» би тобы, 3-орынды «Кербез» би тобы иеленді (жетекшісі Бекмағанбет А.К.);
«Заманауи хореография» номинациясынан жүлделі 2-орынды «Dream team» тобы иеленді (жетекшісі Бекмағанбет А.К.);
«Аспапта орындаушылық – соло» номинациясы ДМ-25-1 тобының студенті Абдирова Амина (жетекшісі Омаров К.К.) 3-орын иеленді;
«Халықтық вокал» номинациясы БҚҚ-23-1 тобының студенті Қасымханов Айбек (жетекшісі Макшонова Г.Ш.) жүлделі 1-орын иеленді;
«Эстрадный вокал» номинациясы ӘЖ-24-1 тобының студенті Нұрпейіс Арай (жетекшісі Макшонова Г.Ш.) жүлделі 2-орын иеленді;
«Конферансье» номинациясы жүлделі 1-орынды Мажит Бекжан (жетекшісі Кабылова М.Б.), 2-орынды ҚӘБ-24-1 тобының студенті Мүкәрам Қазыбекби (жетекшісі Даулетбаева С.К.) иеленді;
«StopНаркомания» бейнероликтер» номинациясы ДМ-24-1 тобының студенті Ерғанатұлы Бекнур(жетекшісі Жамелова Д.А.) жүлделі 3-орын иеленді. Барша жеңімпаз студенттеріміз бен жетекшілерін құттықтаймыз!

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 17 қараша
Телекөпір

2026 жылғы 10 сәуірде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қарағанды облысының білім басқармасы облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп өткізген телекөпірге қатысты. Телекөпірде есірткіні жасырын тарату («закладка») қаупі, интернет-алаяқтық және дропперлік, жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллинг мәселелері тақырыптары қозғалды. Аталған жиынға жазасын өтеп жатқан, жасаған ісіне өкініш білдірген және жасөспірімдерге ой айта алатын сотталғандар спикер ретінде қатысып, өздерінің басынан өткен оқиғаларын, бас бостандығынан айырылу себептерін ортаға салды.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 17 қараша
Театр күні

2026 жылғы 8 сәуірде Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің ИН-25-2, РБ-25-2/11 топтары К.С. Станиславский атындағы орыс драма театрына барып, режиссер Елдос Лекеновтің сахналауымен қойылған «Болмаған әңгіме» трагикомедиясын тамашалап қайтты. Родион Белецкийдің пьесасы бойынша қойылған трагикомедиядан студенттеріміз үлкен әсермен оралды.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 17 қараша
ЖИТС-тің алдын алу

2026 жылғы 1 сәуір күні Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінде “ИТВ және ЖИТС ауруларының алдын алу” тақырыбында дәріс оқылды. Мақсаты - студенттердің ИТВ/ЖИТС туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру, аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дәрісті ҚОДСБ «Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресі жөніндегі орталығы» маманы Жанбай Бекзат Қайроллаұлы оқыды. Дәріс барысында маман студенттерге аурудың жұғу жолдары, алдын алу шаралары, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары және жеке жауапкершілік туралы түсіндірілді. Сонымен қатар студенттерге сұрақтар қойылып, кері байланыс жүргізілді. Студенттермен сұрақ-жауап жүргізіліп, олардың білім деңгейі тексерілді, қажетті ақпаратты толық игеріп, маман кеңестерімен танысты. Қатысқан топтар: М-25-1, НО-25-2.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 17 қараша
Денсаулығың - зор байлығың

2026 жылғы наурыз айында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде "Денсаулығың - зор байлығың" акциясы өтті. Онда студенттерге жадынама қағаздары таратылды. Жадынамада күн тәртібі, дұрыс тамақтану, сколиоздың алдын алу, миопияның алдын алу, дене белсенділігі секілді денсаулыққа маңызды ақпараттар ұсынылған. Сенің денсаулығың - сенің байлығың, сенің ғана құндылығың. Денсаулығыңа жауапты қара!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/