Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Спорттан жетістіктер қоржыны молаюда

Қарағанды облысының колледж студенттері арасында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен спартакиадада Қарағанды “Bolashaq”жоғарғы колледжі жалпы командалық есепте 1-орын иеленді.
Жеке жеңімпаздарға тоқталсақ:
Тоғызқұмалақтан қыздар арасында
Шаршабекова Таншолпан(БМ-24-3) - 1 орын; “Үздік ойыншы”номинациясы Ескендір Қосжан(ДМ-24-1).
Жетекшісі: Сүлеймен А.Е.;
Қыздар арасында үстел теннисі бойынша Гамова Дарья(ФК-23-2) 1- орын,
“Әдемі ойын” номинациясы бойынша Гамова Дарья (ФК-23-2)
Жетекшісі Матай Ж.М.;
Футболдан ұлдар арасында 1-орын иеленді. Команда құрамы: Жаңалық Мирас (ДМЖ-24-1),
Сабиров Нурслан (ФКТ-23-2),
Дүйсембі Әділет (ДМБ-24-1/11),
Омарбек Мұхаммед (ДМ-25-3),
Жарылқасын Ернияз (ДМ-22-1),
Рахатжан Нуршахар (ДМ-24-3),
Нефедов Никита (ФК-24-4),
Мейрам Ерназ (ФК-25-4), Белобородый Руслан (ФКТ-24-2),
Қажкен Темірлан (ДМ-23-1),
Рыксиев Темир (ФК-25-4),
Рахимбеков Мухамед (ФК-24-2),
“Үздік Ойыншы”номинациясын
Дүйсембі Әділет (ДМБ-24-1/11/) иеленді.
Жетекшісі:Манат А.Е.;
Волейболдан ұлдар және қыздар арасында қос 1-орын иеленді. Команда құрамы:
Курпешов Альмурат (ФКТ-25-2/11/),
Ниязов Марсель (ФК-25-2),
Айтмуратов Бекболат (ДМ-23-1),
Салдатұлы Ерасыл (ДМ-22-3),
Хален Бақжұлдыз (ДМБ-24-1/11/),
Кусайнов Бектас (ДМ-22-1),
Нурбатыров Ерканат (ДМБ-23-1/11/),
Амиртаев Ернат (ДМ-23-1),
Тұрсынбай Мәди (ДМБ-25-1/11/),
Оспанқұл Темірлан (АЖТ-25-1),
Тугелбай Амир (ДМЖ-24-1),
Омирзаков Диас (ФК-23-4),
“Үздік байланыстырушы” номинациясын
Түгелбай Амир мен
Бондаренко Милана (ФКТ-23-2/11/) иеленді.
Қыздар командасы:
Егінбаева Гүлім (ШТ-22-3),
Хайбжанова Сабина (ДМ-22-3),
Скиба Дарья (ФК-22-4),
Жуйко Дарья (ФК-22-4),
Умбетова Жанель (ШТ-24-3),
Киналь Арина (ФК-25-2),
Сабыр Үміт (ИНФ-25-1),
Аханова Айпара (ИН-24-2),
Темірболатова Тоғжан (ШТ-22-3). “Үздік ойыншы” номинациясын
Бондаренко Милана (ФКТ-23-2/11/) иеленді.
Жетекшісі Сабыров Е.М,Ерғали А.Е.. құттықтаймыз!

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 5 қараша
Түлегіміз ”WorldSkills Shanghai 2026” чемпионатына аттанды

Әлемдік кәсіби шеберліктің ең ірі додаларының бірі — “WorldSkills Shanghai 2026” чемпионатына санаулы күндер қалды. Осы айтулы халықаралық чемпионатта Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің «Шетел тілі» мамандығының 2026 жылғы түлегі Құралова Дильназ Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ел намысын қорғайды! 🇰🇿✨ Дильназдың Қазақстан командасының құрамына енуі — оның кәсіби шеберлігіне, біліміне, табандылығы мен тынымсыз еңбегіне берілген жоғары баға. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік жас мамандармен бірге ол “WorldSkills Shanghai 2026” халықаралық чемпионатында Қазақстанның көк туын көкке көтеріп, өз қабілетін әлемдік деңгейде танытпақ. Бұл — Дильназ үшін ғана емес, оның ата-анасы, жетекшісі - колледж оқытушысы Муканова Индира Ерлановна, ұстаздары, Қарағанды “Bolashaq” колледжі және барша Қазақстан үшін үлкен мәртебе! ❤️🇰🇿 Дильназ, саған сәттілік тілейміз! Білімің мен білігіңе, күшің мен талабыңа сенеміз! Әлемдік додада Қазақстанның намысын абыроймен қорға! Жеңіспен орал, Дильназ! Біз сені мақтан тұтамыз! 🇰🇿🏆 #WorldSkillsShanghai2026 #WorldSkillsKazakhstan

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 5 қараша
Заң жеке таңдаудан басталады: Қарағандыда өткен форум 15 мыңға жуық студентті біріктірді

Заң жеке таңдаудан басталады: Қарағандыда өткен форум 15 мыңға жуық студентті біріктірді Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттері «Жастар - Заң мен тәртіптің тірегі» атты жастар форумына қатысты. Іс-шараға 15 мыңға жуық студент қатысты. Форум барысында нақты өмірлік оқиғаларға негізделген бейнероликтер көрсетілді. Нақты кейстер арқылы жастардың есірткі, дропперлік, интернет-алаяқтық және «жеңіл ақшаға» қызығу салдарынан құқыққа қайшы әрекеттерге қалай тартылуы мүмкін екені және мұндай шешімдердің құқықтық әрі өмірлік салдары көрсетілді. Бұл - жай ғана оқиғалар емес. Бұл - шешім қабылданғанға дейін оның салдарын түсінуге мүмкіндік беретін нақты мысалдар. Заң жеке таңдаудан басталады. Ал жауапкершілік - өз әрекетіңнің салдарын түсінуден басталады.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 5 қараша
Республикаға жолдама - студентіміздің қолында

2026 жылғы 17 қыркүйекте Теміртау кәсіптік-техникалық колледжінде республикалық “Worldskills” чемпионатының «Отель ресепшионист» құзыреттілігі бойынша іріктеу кезеңі өтті. Іріктеу нәтижесінде колледжіміздің “Шетел тілі мұғалімі” мамандығының ШТ-23-3 тобының студенті Кабдылкаримова Раянна жоғары нәтиже көрсетіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Раяннаға сәттілік тілейміз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 5 қараша
Ынтымақтастық туралы меморандум

КММ «Қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығы» мен Қарағанды «Bolashaq»жоғарғы колледжі арасында екіжақты Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандумның мақсаты — білім беру саласындағы әріптестікті нығайту, студенттердің кәсіби дамуына жағдай жасау және бірлескен жобаларды жүзеге асыру. Ынтымақтастық аясында: ✍Колледж студенттеріне өндірістік тәжірибе ұйымдастыру; ✍Тәжірибеден өту және жұмысқа орналасуға мүмкіндік беру; ✍Өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру жоспарланды. Бұл серіктестік — жастардың болашағына салынған нақты қадам!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/