2025 жылғы 24 қазаны күні Республика күніне орай Астана қаласында Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Ж.Д. “Үздік педагог- 2025” байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші Кабылова Меруерт Блялкызы "Үздік педагог" республикалық байқауының жүлдегері атанып, біздің колледждің мақтанышы болды. Бұл жетістік-жоғары кәсіпқойлықты, шығармашылық көзқарасты, мамандыққа берілгендікті және білім беруді дамытуға қосқан үлесін лайықты мойындау.
Меруерт Блялкызы әріптестері мен студенттерін өз үлгісімен шабыттандырады, педагогтің шынайы шеберлігі үнемі ізденіс, зерттеу және өз ісіне деген сүйіспеншілікте екенін көрсетеді. Жарқын жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз және одан әрі жетістіктер, шығармашылық шабыт тілейміз!
"Үздік педагог-2025" республикалық байқауының жеңімпазын құттықтаймыз!