Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары

2025 жылғы 5 қыркүйек күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің 1-курс студенттерімен Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің Учаскелік Ювеналды Полиция тобының инспекторлары полиция аға лейтенанты Абишева П.С. мен Шаймердинова А.Д. профилактикалық дәріс өткізді. Дәрісте «Буллинг және оның алдын алу», «Кәмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық және оның алдын алу», «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Дроп және дроппер деген кім?» деген сияқты тақырыптар қозғалды. Дәрісте барлығы 509 студент қамтылды.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 8 қыркүйек
Түлегіміз ”WorldSkills Shanghai 2026” чемпионатына аттанды

Әлемдік кәсіби шеберліктің ең ірі додаларының бірі — “WorldSkills Shanghai 2026” чемпионатына санаулы күндер қалды. Осы айтулы халықаралық чемпионатта Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің «Шетел тілі» мамандығының 2026 жылғы түлегі Құралова Дильназ Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ел намысын қорғайды! 🇰🇿✨ Дильназдың Қазақстан командасының құрамына енуі — оның кәсіби шеберлігіне, біліміне, табандылығы мен тынымсыз еңбегіне берілген жоғары баға. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік жас мамандармен бірге ол “WorldSkills Shanghai 2026” халықаралық чемпионатында Қазақстанның көк туын көкке көтеріп, өз қабілетін әлемдік деңгейде танытпақ. Бұл — Дильназ үшін ғана емес, оның ата-анасы, жетекшісі - колледж оқытушысы Муканова Индира Ерлановна, ұстаздары, Қарағанды “Bolashaq” колледжі және барша Қазақстан үшін үлкен мәртебе! ❤️🇰🇿 Дильназ, саған сәттілік тілейміз! Білімің мен білігіңе, күшің мен талабыңа сенеміз! Әлемдік додада Қазақстанның намысын абыроймен қорға! Жеңіспен орал, Дильназ! Біз сені мақтан тұтамыз! 🇰🇿🏆 #WorldSkillsShanghai2026 #WorldSkillsKazakhstan

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 8 қыркүйек
Заң жеке таңдаудан басталады: Қарағандыда өткен форум 15 мыңға жуық студентті біріктірді

Заң жеке таңдаудан басталады: Қарағандыда өткен форум 15 мыңға жуық студентті біріктірді Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттері «Жастар - Заң мен тәртіптің тірегі» атты жастар форумына қатысты. Іс-шараға 15 мыңға жуық студент қатысты. Форум барысында нақты өмірлік оқиғаларға негізделген бейнероликтер көрсетілді. Нақты кейстер арқылы жастардың есірткі, дропперлік, интернет-алаяқтық және «жеңіл ақшаға» қызығу салдарынан құқыққа қайшы әрекеттерге қалай тартылуы мүмкін екені және мұндай шешімдердің құқықтық әрі өмірлік салдары көрсетілді. Бұл - жай ғана оқиғалар емес. Бұл - шешім қабылданғанға дейін оның салдарын түсінуге мүмкіндік беретін нақты мысалдар. Заң жеке таңдаудан басталады. Ал жауапкершілік - өз әрекетіңнің салдарын түсінуден басталады.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 8 қыркүйек
Республикаға жолдама - студентіміздің қолында

2026 жылғы 17 қыркүйекте Теміртау кәсіптік-техникалық колледжінде республикалық “Worldskills” чемпионатының «Отель ресепшионист» құзыреттілігі бойынша іріктеу кезеңі өтті. Іріктеу нәтижесінде колледжіміздің “Шетел тілі мұғалімі” мамандығының ШТ-23-3 тобының студенті Кабдылкаримова Раянна жоғары нәтиже көрсетіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Раяннаға сәттілік тілейміз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 8 қыркүйек
Ынтымақтастық туралы меморандум

КММ «Қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығы» мен Қарағанды «Bolashaq»жоғарғы колледжі арасында екіжақты Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандумның мақсаты — білім беру саласындағы әріптестікті нығайту, студенттердің кәсіби дамуына жағдай жасау және бірлескен жобаларды жүзеге асыру. Ынтымақтастық аясында: ✍Колледж студенттеріне өндірістік тәжірибе ұйымдастыру; ✍Тәжірибеден өту және жұмысқа орналасуға мүмкіндік беру; ✍Өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру жоспарланды. Бұл серіктестік — жастардың болашағына салынған нақты қадам!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/