2025 жылғы 11 маусымда аталмыш чемпионаттың қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталған болатын. Биыл чемпионатқа өңір бойынша 38 колледжден 286 студент қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша 148 жүлдегер анықталды, сондай-ақ 40 қатысушы кәсіби шеберлігі үшін медальон иегері атанды. Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттері өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп, үш 1-орын, бір 2-орын және кәсібилігі үшін медальон иеленіп, өңір колледждерінің ішінде 8-орын иеленді. Колледж директоры Мамраева Гайни Баймагамбетқызына "аймақтық чемпионатты ұйымдастырып, өткізуге белсенді қатысқаны үшін" алғыс хат табысталды. Барша жеңімпаздар мен марапат иелерін құттықтаймыз!
"WorldSkills Karaganda-2025" өңірлік чемпионатында алғыс хат табысталды
