2025 жылғы 21 мамыр күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттері саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Астана қаласындағы Алжир мемориалдық-мұражай кешеніне эсксурсияға барып, ел тарихынан танымдарын кеңейтіп қайтты. Экскурсияға ағымдағы оқу жылында белсенділік танытқан студенттер, түрлі мазмұндағы байқауларға қатысып, республикада, облыста колледж атын шығарған студенттер, "Жыл үздіктері - 2025" номинацияларына ие болған студенттер барды. Саяхаттың өте қызықты әрі танымды болғанын айтып, студенттер колледж әкімшілігіне өз ризашылықтарын білдірді.
Экскурсияға барып қайтты
